Ресей соғыста қаза тапқан әскерилердің отбасыларына өтемақы ұсынбақ
Ресей билігі Украинадағы соғыста қанша әскериінен айырылғанын айтпай отыр. Бірақ жергілікті билік өкілдері соғыста қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төленетінін мәлімдеп жатыр.
"Эхо Москвы" радиосы таратқан ақпаратқа қарағанда, Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров қаза тапқан солдаттардың отбасыларына 2 млн рубль (шамамен 20 мың доллар) өтемақы берілетінін айтқан.
Краснодар аймағының губернаторы Вениамин Контратьев те осы өтемақы жайлы айтты.
Ресей президенті Владимир Путин елден он мың доллардан артық ақша алып шығуға тыйым салды. Бұл жайлы "Интерфакс" ақпарат агенттігі хабарлады.
Украина билігі Харьковтан бейбіт тұрғындарды эвакуациялауды ойластырып жатыр
Украина президенті кеңсесі төрағасының кеңесшісі Алексей Арестович "Настоящее время" арнасының эфирінде Харьковтан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау мәселесі қаралып жатқанын мәлімдеді. Сөзінше, алдымен жетім балаларды, мүгедектерді және қарт адамдарды шығару жоспары бар.
Арестович елде соғыс басталғалы 400 адам қаза болғанын, оның ішінде 20 бала барын мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей әскерилері Украина қалаларына әуеден "бейберекет" шабуыл жасап жатыр.
Украинадан тағы 124 қазақстандық эвакуацияланды
Украинадан эвакуацияланған 124 адам мінген Air Astana ұшағы 1 наурызда Нұр-Сұлтан халықаралық әуе жайына қонды. Олар Қазақстанға Польша арқылы жеткізілді.
ПІКІРЛЕР