Қазір Лондонда тұратын қазақ Ербақыт Отарбайұлы қазан айының аяғында Босния және Герцеговина астанасы Сараевода өткен Дүниежүзілік ұйғырлар конгресінде сөз сөйледі. Ол 2017-19 жылдары Қытайдың батысындағы Шыңжаң аймағындағы лагерьде шеккен азабы жайлы айтқан.
Дональд Трамп араға төрт жыл салып АҚШ президенті болып қайта сайланды. Ол Украина мен Ресей арасында соғыс, Таяу Шығыста қарулы қақтығыс болып жатқан шақта Ақ үйге оралмақ. Сайлаушыларға елдің ішкі мәселелерін басты орынға қоюға уәде еткен Трамп биліктегі екінші мерзімінде қандай саясат жүргізеді? АҚШ-тың Орталық Азия мен Қазақстанға қатысты саясаты өзгере ме? Қазақстандық сарапшылар мен депутаттардың пікірін сұрадық.
АҚШ-тағы CNN, AP сияқты негізгі ақпарат құралдары президент сайлауында Республикалық партия өкілі Дональд Трамп жеңіске жеткенін хабарлады. Трампты әлем елдерінің басшылары құттықтап жатыр.
Америка халқы тарихи күнге жетті, елде президент сайлауы өтіп жатыр. Республикалық партия өкілі, бұрынғы президент Дональд Трамп пен Демократиялық партия үміткері, қазіргі вице-президент Камала Харрис тең түсіп тұр.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парижде мемлекеттік сапармен жүр. 5 қарашада ол Франция президенті Эмманюэль Макронмен және өзге де ресми тұлғалармен кездеседі. Француз басылымдары талқыланатын тақырыптар арасында өзгелермен қоса, Украинадағы соғыс, Қазақстанда АЭС салу мәселесі де бар деп жазды.
3 қарашада Молдова президентін сайлаудың екінші туры өтті. Сайлауға Мәскеу киліккені жайлы айыптаулар айтылып жатқан шақта жарияланған алдын ала қорытындыға сай, қазіргі президент, батысшыл саясаткер Майя Санду жеңіске жетті.
5 қараша күні АҚШ президентін сайлау өтеді. Ақ үйде кім отыратыны әлемдік саясатқа ықпал етеді, ал сайлау додасы тартысты болады. Сол себепті бұл науқанды бүкіл әлем қызықтап отыр. Бірақ америкалық сайлаудың күрделі тұстары да бар. Соларды тарқатып көрелік.
Сайлау сарапшылары мен дата талдаушылар Грузия аймақтарындағы дауыстың бөлінуі бойынша графиктерде ауытқушылық барын байқады. Бұл сайлаудағы бұрмалаушылықтарға жанама айғақ болуы мүмкін. Мұндай жайт 2020 жылы Ресейде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум кезінде де байқалған. Олар мұндай трендті "Ресей құйрығы" деп атайды.
Молдова азаматтары президент сайлауының екінші турында дауыс беріп жатыр. Олар еуропашыл қазіргі президент пен ресейшіл кандидат арасында таңдау жасауы керек. Шағын Балқан елі Шығыс пен Батыс арасындағы саяси алшақтықтың бетпұрыс кезеңінде тұр.
АҚШ үкіметі жариялаған кезекті санкцияға қазақстандық Kazstanex компаниясы да ілінді. Ол Ресейге сатуға тыйым салынған жабдықты Еуропадан алып, Қытай арқылы тасымалдаған деген күдікке қалған. Азаттық мәселені компанияның өзінен сұрауға талпынғанымен, ол байланысқа шықпай қойды.
Тағы