Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
15:18 3.3.2022

Ресей мен Украина делегаттардың екінші келіссөзі Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 18.00-де басталуы ықтимал.

Бұл туралы 3 наурыз күні Ресей президентінің көмекшісі, Мәскеу делегациясының басшысы Владимир Мединский мәлімдеді.

Владимир Мединский
Владимир Мединский

16:36 3.3.2022

Украинадағы соғыс кезінде Ресей генерал-майоры Андрей Суховецкийдің қаза тапты

Андрей Суховецкий
Андрей Суховецкий

Киров облысындағы "Боевое братство" деген бүкілресейлік ардагерлер қоғамдық ұйымының жетекшісі Азаттықтың Орыс қызметіне берген сұхбатында Суховецкийдің өлімін растады.

16:38 3.3.2022

Бангладеш жүк кемесіне снаряд түсіп, кеме қызметкері мерт болды

Қара теңіздегі украиналық Ольвия портында Бангладеш жүк кемесіне снаряд түсіп, кеме қызметкерлерінің бірі қаза тапты. Бұл туралы бейсенбі, 3 наурыз күні Бангладеш сыртқы істер министрлігі хабарлады. Кемеде 29 адам болған. Олардың бәрі – Бангладеш азаматы.

16:45 3.3.2022

Жапония Ресей олигархтарына қарсы санкция жарияламақ

Жапония Ресей олигархтарына қарсы санкция әзірлеп жатыр. Бұл туралы Еуроодақтағы лауазымды тұлғаға сілтей отырып Reuters агенттігі хабарлады.

"Жапония үкіметінен олардың Еуроодақпен бірлесе отырып Ресей олигархтарына, компанияларына және Беларусь олигархтары мен түрлі компанияларға санкция салатыны туралы хабар алдық" дейді агенттік Еуроодақтағы дереккөзінің сөзін келтіріп.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG