МАГАТЭ: Запорожье АЭС-індегі атқылаудан хабардармыз
Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) Украинадағы Запорожье атом электр станциясындағы жағдайдан хабардар екенін, Украина билігімен ол жөнінде байланысып отырғанын мәлімдеді.
МАГАТЭ: Украина Запорожье атом электр станциясындағы өрт "негізгі" жабдыққа тимеген, станция қызметкерлері апат салдарымен күресіп жатыр.
Украинадан 130 адам үшінші эвакуациялық рейспен Нұр-Сұлтанға ұшып келді
4 наурызға қараған түні Қазақстан астанасына Украинадан үшінші эвакуациялық рейс ұшып келді. Ұшақта 133 адам болған, арасында екі нәресте бар. Барлығы 20 бала.
Астана әуежайы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан азаматтарын Украинадан алып келуге жіберілген үшінші борт Польшаның Катовице қаласынан Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 21:55-те ұшып шыққан. Нұр-Сұлтанға түнгі сағат 3-терде қонған.
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, осы рейсте Қырғызстанның екі азаматы болған.
Қазақстан Ресей әскері басып кіргеннен кейін Украинада қалған азаматтарын елге эвакуациялауды жалғастырып жатыр.
Алғашқы эвакуациялық рейс 28 ақпанда кешке Алматы әуежайына қонған. Онда Қазақстанның 175 азаматы болды. 124 адам мінген екінші борт Нұр-Сұлтанға 1 наурыз кешке ұшып келді.
Қазақстанға жету үшін қазақстандықтар Киевтен елдің батысындағы Львов қаласына барып, Польшамен шекарада ұзақ уақыт кептелісте тұруға мәжбүр болған.
Индустрия министрлігі: Украинадан Қазақстанның 23 жүк көлігі шығарылды
"2022 жылғы 4 наурыздағы жағдай бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі және үшінші елдердің мемлекеттік органдарының көмегімен Украинадан 23 қазақстандық жүк көлігі шығарылды" делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хабарламасында.
ПІКІРЛЕР