Уашингтон федералды заңға қайшы келтіретіндей, Орталық барлау агенттігінің құпия ақпаратын баспазсөзге кім таратқаны жөніндегі екі жылдық зерттеулердің қорытындысын күтіп отыр. Ол таралған ақпартаттың бір тармағы - АҚШ әкімшілігінің Ираққа соғысы әділетті болды ма деген кең көлемді талқылаулардың да қозғап отыр. Енді американдықтар бұл жарияланатын хабарламада президент Джордж Буштың басты көмекшілері айыптала ма деп күтіп отыр.
Екі жылдан кейін Орталық барлау агенттігінде жұмыс істеген Валерия Плэймнің атын баспасөзге кімнің таратып жібергені жайлы тергеу-тексеру аяқталуға жақын қалды. Бұл мәселеге орай қалыптасқан жағдай бұған жоғарғы лауазымды өкілдердің қатысы болғандықтан күрделеніп барады. Онда президенттің басты кеңесшілері Карл Раув пен вице президент Дик Ченей штабының басшысы Льюйс Либбидің қатысы бар делініп отыр. Ондағы үлкен алаңдаушылықтың туып отырған мәселе, бұл Ақ үйде саяси дағдарыс тудыруы мүмкін.
26-шы қазан күні, Ақ үйде өткен баспасөз мәслихатында Скот МакКлелланнан журналистер осы көпті толғантқан бұл сауалға жауап беруін сұрады.
«Бұл процесс барысында не болуы мүмкін деп өзіңіз күтіп отырғандай, бұл мәселеге орай алаңдаушылық қаншалықты терең деуге болады?»,- деп сұрады журналистер.
Және оған берілген жауап әдеттегідей болды.
«Жақсы, біздің көп жұмыс атқаруымыз керек. Міне сол себепті де біздің уақытты босқа кетіріп ол жағдайлар туралы ойланып отыра беруге көп уақытымыз жоқ», - деген Ақ үй өкілі.
Прокурор Патрик Фитжералд жүргізген бұл зерттеулер АҚШ әкімшілігі Ираққа жасаған соғысты қалай ақтап алды деген тұрғыдағы пікірталастарды қайта оралтты.
2003 жылдың қаңтарында АҚШ президенті Джордж Буш, өзінің өзекті деген үндеуін арнап, Ираққа қарсы соғысты қолдауға шақырды. Онда ол былай деп атап көрсеткен еді:
«Британия үкіметі Саддам Хуссейннің жақында Африкадан уранның белгілі бір түрлерін алғаны жөнінде білген».
Сосын екі айдың ішінде Ираққа АҚШ күштері кірді. Одан кейін шілдеде, АҚШ-тың бұрынғы елшісі Ирақ Африкадан уран алды деген айыптауға күмән келтірген. Ол осының алдындағы жылы бұл айтылған жайттарды тексеру үшін Нигерияға барған Жозеф Уилсон еді. Оның айтуынша:
«Не әкімшілікте қоғамнан жасырған кейбір ақпараттар болды немесе олар іріктелген дерек мәліметтерді жасалып қойған шешімді қолдау үшін пайдаланды».
Бірнеше күннен кейін Уилсонның Нигерияға сапары, Орталық барлау басқармасының агенті болған, оның әйелі Валерия Плэймнің ұсынысымен жасалған сапар еді, деп газет журналисінің жазғаны Уилсон үшін үлкен соққы болды.
Уилсон өзінің әйелінің Нигерия сапарына қатысы болды дегенді жоққа шығарды, дегенмен де оның әйелі жұмысынан шығып қалды. Осылайша оның сын айтқанына кек алынды.
Зерттеулер аяқталуға жақын қалған тұста, ресми өкілдер біле отырып Плэймнің атын әшкерелеп, заңды бұзды ма жоқ па, соның шын-өтірігін білуге тырысуда. Зерттеулердің басында Ақ үй Раув пен Либбидің бұл ақпарат таратуға қатысы болды дегенді жоққа шығарған. Бірақ, Плэйм туралы ақпарат алған екі журналист өздерінің ақпарат алған бұлақ көзі ретінде Раув пен Либбидің де атын атаған. Сондықтан үлкен әділ қазы алқасының дәл осы зерттеу нәтижелерін барша жұрт үлкен алаңдаушылықпен күтіп отыр. Прокурор Фитжералд зертеулерінің қорытындысы жұма күні жариялануы тиіс.