Нью-Йоркте БҰҰ Бас ассамблеясының 61-сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде АҚШ жетекшісі Ирақ пен Ауғанстан, Ливан және Палестина жерлерінде демократияның алға басқанын да атап өтті. Ал бірақ Дж.Буш бұл аймақтағы басқа елдердің, олардың қатарында Иран мен Сирияның басшылары турасында қатты айтты.
Дж.Буш Таяу шығыс елін Батыстың олармен араздасып отырмағанын түсінуге шақыра келіп, бірақ сендердің маңайларың толған экстремистер деп атап көрсетті. Буштың сөзімен айтқан, экстермистердің кең таралған үгіт-насихаттары мұсылмандарды адастырып, олардың Батыс - Исламмен соғысып жатыр деп айыптауларына жеткізуде, бірақ бұл шындық емес дейді президент.
- Біз Исламды құрметтейміз. Бірақ, біз Ислам өлім себеді деп оны бұрмалайтын адамдарымызға қарсы шығамыз. Біздің мақсатымыз мейлінше түсіністіктегі, барлық адамдардың бейбіт сенімін дамытатын қоғам құруға көмек қолымызды созу.
Буш Ирақ пен Ауғанстанның адамдарына қаратып, бұл екі елге де АҚШ-тың басып кіруінің нәтижесінде БҰҰ-ң қатысуымен демократиялық жолмен үкіметтер сайланды деді.
АҚШ президенті демократиялық қалау мен тілек бүкіл Таяу шығысқа кең тарады дей келе, бұл аймақта қалыпты саяси қозғалыстарды өрістетуге қолдау танытамын деген ол, басқа да елдерді осы мақсатқа жұмылуға шақырды.
АҚШ президенті, сондай-ақ, Иран халқына қарата сөйлеген сөзінде, Батыс бұл елді, оның халқын, олардың тарихы мен мәдениетін құрметтейтіндігін айта келе, бірақ мәселе сендердің қазіргі үкіметтерің де дегенді атап көрсеткен.
- Сендерде өз болашақтарыңды өздерің анықтайтын мүмкіндіктерің болуы керек. Экономикаларың сендердің таланттарың мен ізденістеріңе сай болуы қажет, қоғам сендердің керемет қабілеттеріңді жүзеге асыра алатындай болуы керек. Мұндай болашақ жолдағы ең басты кедергі сол - билеушілерің сендерге бостандық бермей, ұлттық ресурстарыңды лаңкестікті қаржыландыру мен ядролық қару жасауға жұмсағысы келеді.
Дж.Буш дүйсенбіде Нью-Йоркке келгеннен бері уақытының көбін Иранға арнауда. Кеше ертеңгісін ол Иран мәселесіндегі түрлі бағыттарының түрлілігіне байланысты Франция президенті Жак Ширакпен кездескен болатын.
Буш Иран өзінің ядролық бағдарламасы төңірегінде Европа елдерімен және Иран ядролық қару технологиясын дамытып жатыр деген күдік келтіретін АҚШ-пен келіссөздерді аяғына жеткізбей келеді деп Иранды айыптайды.
Ал Иран мемлекеті өздерінің тек қана бейбіт мақсатты көздейтін ядролық бағдарлама жасағылары келетіндігін айтып келеді.
Дж.Буш болса, БҰҰ-ң Иранның уранды байытуды тоқтатуға белгілеген шектеулі мерзімі 31 тамызға мойынұсынбағаны үшін мәселен, БҰҰ-ң санкциясын салу арқылы айыптағысы келеді. Иран жағы болса, Европа елдерімен және АҚШ-пен келіссөздер жүргізуді қалайды. Буш болса Иран алдымен ядролық бағдарламасын тоқтатпайынша, өз әкімшілігінің келіссөздерді бастамайтындығын айтуда.
Дүйсенбі, 18-тамыз күні Жак Ширак ымыраға шақыратындай бір ұсыныс айтты, ол бойынша, Иран өз бағдарламасын келіссөздер басталмайынша тоқтатпайды, демек келіссөздер басталған соң ғана тоқтатуға тиіс болады. Көзқарастарындағы өзгешеліктерге қарамастан, Жак Ширак екеуінің де көздеген мақсаттары бір екендігін айта келе Буш, өзінің сөзінде, Иран Батыспен пікірталасының табиғаты турасында өз халқымен ашықтыққа бармай отыр деп атап көрсетті.
- Иран өзінің ядролық қару амбициясынан бас тартуы керек. Жүйенің сіздерге не айтып отырғанына қарамастан, біз Иранның бейбіт мақсаттағы ядролық қару бағдарламасын дамытуына ешқандай қарсылығымыз жоқ. Біз бұл дағдарысты дипломатиялық жолмен шешу үшін жұмыс істеудеміз. Біз сондықтан сіздердің еркіндікте өмір сүретін күндеріңді қалаймыз, Америка мен Иран жақсы достар бола алады және бейбітшілік ісіндегі жақын әріптестер бола алар еді.
Буш мұнымен қатар Сирия халқына да қаратып сөйлеп, олардың мақтаныш ететіндей, ұзақ тарихы бар дей келе, олардың қазіргі үкіметі өз елдерін лаңкестік қиылысына қойып қойды, өз жерлері арқылы Ливандағы Хезболла мен Палестинадағы Хамас топтары үшін қаржы, қару жарақ тасымалданатын жолға айналдырды деді.
Буштың сөзінің нысанасы тек қана Таяу шығыс болған жоқ, ол сондай-ақ Суданның Дарфур аймағына да гуманитарлық көмекті кеңейтуге шақырды.