Тбилиси қыркүйектің 27-де тыңшылық жасады деген айып күдігімен ұсталған Ресейдің төрт офицерін босатқанына қарамастан, Ресей Грузиямен арадағы барлық көлік және пошта байланыстарын жауып тастады. Ресей өздерінің бұл шешімдері Грузия басшылығына бағытталған дейді. Дегенмен де, мұндай әрекеттерден зардап шегетіндер қарапайым грузин азаматтары болатын түрі бар, өйткені көптеген отбасылары Ресейде жұмыс істеп, ақша табатын туыстарынан қаржы ала алмай қалуы мүмкін.
Ресей мен Грузияның арасындағы қарым-қатынастың күрделенуі ең алдымен Ресейде тұратын Грузия азаматтарына қиын болғалы тұр. Грузия немесе Ресей үкіметтерінің статистикалық мәліметтері бойынша, Ресейде заңды және заңсыз тұрып жатқан грузиндердің саны 400 мыңнан 1 миллионға дейін жетеді делінеді.
Қалай болғанда да, Грузияның орталық банкі Ресейде тұратын өз азаматтарының Гурзия экономикасына әсері бар екендігін айтады. Банктің бағалауынша, 2006 жылдың бірінші жартысында Ресейден Грузияға жөнелтілген ақшаның көлемі 220 миллион доллар болған, демек бұл Грузияның жалпы ішкі өнім көлемінің 15 процентіне жуық деп бағаланады.
Міне осыдан-ақ Мәскеудің Грузиямен арадағы пошта жөнелтілімдеріне тиым салып отырғаны қарапайым грузин азаматтарына қаншалықты қиындық әкелерін болжап білуге болады.
48 жасар инженер Ладо Квиквиня жақсы өмір іздеп, Мәскеуге 1994 жылы кеткен. Осыдан төрт жыл бұрын ол Ресей азаматтығын алған. Квиквиня өзінің Ресейге кеткен жылдарында еліндегі өзі сияқты мамандық иелерінің көптеген қиындықтарға тап болғанын айтады.
- Жұмыс табу мүмкін емес еді. Сіз жақсы білесіз, ол кезде Грузияда барлық нәрсені жасау жаңадан қолға алынған болатын. Одан бұрынғының бәрі қирап, талқандалған. Сондықтан да мен жұмыс таба алған жоқпын.
Квиквиня бәсекелестік деңгейі жоғары Мәскеуде де жұмыс табудың оңай болмағандығын айтады. Дегенмен де, Тбилисидегі Техникалық институтта білім алғаным қабілетімді дәлелдеуге көмектесті дейді ол. Ол Ресейде анау айтқандай көп жалақы таппайды, дегенмен де Мәскеуде отбасын асырауға жетеді екен. Оның сыртында Грузиядағы туыстарына да аздап қаражат салып тұрады.
Квиквиняның 20 жасар жиені Иля Чачибая ағасының Ресейден ай сайын салып тұратын қаржысы арқасында отбасының күнкөріп отырғанын айтады.
Чачибая Зугдиди қаласында көшеде сауда жасау арқылы аздаған табыс табатынын, бірақ бұл сияқты шағын қалада одан басқа жұмыс табудың мүмін еместігін айтады:
- Мұнда, Зугдидиде кедейлік жоғары, өйткені жұмыс істеу мүмкіндігі мүлде жоқ. Фундук жаңғағының бағасы қымбаттап барады, ал ол елдің өміріне көп әсер етеді. Жаңғақ пен мандарин табыстың ең басты көзі болуда, ол тағамдар аздап болса да арзандап барады, ал адамдар қаржылық қиындықтарға душар болуда.
Чачибия Ресейдің қабылдап отырған бұл шектеулері Зугдиди сияқты кедей қаланың тұрғындарын Ресейдегі туыстары мен достарынан алып отырған көмегінен айырады деп алаңдайды.
Оның Ресейдегі ағасы Квиквиня болса жағдай қалпына келер деп жиенін тыныштандыруға тырысады, десекте ол да және басқа да Ресейде тұрып жатқан грузиялықтар екі елдің арасындағы мұндай шиеленістің болашақ зардаптары қандай болады деп алаңдайтындықтарын жасырмайды.