Мұнай шикізатына бай Қазақстан экономикасының қарқындап дамуы қазақ банктері шығарған акциялардың немесе құнды қағаздардың халықаралық биржаларда тиімді сатылуына дем беруде. Осылайша қазақ банктері өздерінің мәртебесін көрші Орта Азия елдеріндегі қаржы институттарынан жоғары көтеруді көздейді. Таяуда шамамен 300-ге жуық банк сарапшысы мен өзге де мүдделі маман Қазақстанның банк жүйесінің жетістіктерін насихаттау мақсатымен Лондонның қор биржасында бас қосты. “Азаттық” тілшісінің хабарлауынша, кейбір қаржы сарапшылары өздерінің алаңдаушылықтарын ақырындап қана байқатты, бірақ ондай пікірлерін совет дәуірінен кейін қалыптасып отырған жаңа банк жүйесіне деген мақтау-мадақтау сөздерімен қарама-қатар білдірді.
Лондонның Қор биржасындағы осы бас қосуды "Financial Times" және "The Banker" сынды белгілі қаржы басылымдары ұйымдастырып, оның шығындарын қазақ банктері көтерді. Әйтсе де қаржы сарапшыларының көтеріңкі көңіліне Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі қарқыны мен болашақта да осындай қарқынмен дами береді деген болжам демеу болған тәрізді. Қазақстан экономикасы - жалпы ішкі өнімінің 2000-ыншы жылғы 18 млрд. доллар көлемінен қазіргі 80 млрд. доллар көлеміне дейін ұлғайды және, Fitch Ratings агенттігінің болжамы бойынша, бұл көрсеткіш 7 жылдан кейін 2 есеге дерлік өсуге тиіс.
Орта Азиядағы 5 мемлекеттің ішінен ең ауқаттысы саналатын қазақ экономикасына қазірдің өзін де 40 млрд. долларға жуық шетелдік инвестиция келіп құйылды. JPMorgan Europe инвестициялық банкінің вице-президенті әрі JPMorganCazenove компаниясының вице-президенті Лорд Ренвик (Lord Renwick) Қазақстанда халықаралық стандарттарға лайық бірнеше банк бар деп есептейді. Лорд Ренуик – Лондонның Қор биржасындағы бас қосуда өздерінің құнды қағаздарын саудаға шығарған бірнеше қазақ банкінің жетістіктерін насихаттағандардың ішінде болды.
Л.РЕНВИК: “Қазақстанда халықаралық стандарттарға жақын стандарт ұстанатын кемінде 3 немесе 4 банк бар. Міне сол себепті де осы күні, мысалға, “Қазкоммерцбанк” пен “Қазақстанның Халық Банкінің” IPO немесе жұртқа таныстырылуы өте сәтті болды. «ТұранӘлемБанктің» де осы деңгейде тұрғаны да анық. Бұл - өте үлкен әрі тиімді басқарылатын және өте жемісті банк. Біздің ойымызша, егер осы банк келесі жылы қаржы саудасына шығатын болса, өйткені бұл оның қолынан келеді, оның да жұртқа таныстырылуы өте сәтті болады”.
Лорд Ренвик Қазақстанның екінші деңгейдегі барлық 34 банкі туралы көп біле бермейтінін ерекше атап көрсетті. Өткен 10 жылда 150-ден астам коммерциялық банк нарық кеңістігінен ғайып болып, Лорд Ренвиктің пікірінше, олардың ішіндегі ең үздіктері бүгін барған сайын жақсы басқарылу үстінде.
Қазақстанның банк жүйесінің дамуына – Орта Аймағының стандарттары бойынша ең үздік болып саналатын Қазақстанның қор биржасы мен оның ұлттық валютасы – теңгенің еркін айналымда болуы өз септігін тигізді. Оған қоса Қазақстанның қаржы-банк саласындағы жақсы заңдары бар және оларға таяуда қаржы саласын реттейтін өзгерістер қабылданды. Сол себепті де Қазақстанның инвестициялық банктері болашаққа зор сеніммен қарайды. Қазақстандағы ең ірі 5 банктің біріне жататын АТФ Банкте жауапты қызмет атқаратын Қайрат Беріков былай деп мәлімдейді.
Қ.БЕРІКОВ: “Қазіргі күні банктер халықаралық стандартарға өте жақын. Өйткені олар халықаралық заңдарды қолдануға дайын. Есеп ашу немесе қандай да бір банк операциясын атқаруы кезінде Қазақстанның банктері көбіне халықаралық стандарттарды қолданады. Банктер зор жетістіктерге жетті деп айтуға болады”.
АТФ Банк сынды қаржы институттары бухгалтерлік есеп-қисапты халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізетіндерін мәлімдейді және олардың қауіп-қатерден сақтану жүйесі мен қаржы жүйесінің ашықтығы халықаралық стандарттардан онша алыс емес. Қайрат Беріков пен оның әріптестері ашық жұмыс атқармаған банктердің өз акцияларын сатып алуға шетелдік инвесторларды тарта алмайтындарын мойындайды.
Оған қоса шетелдік инвестициялық банктердің өкілдері қазақ банктерінің кейбір кемшілігін де атап көрсетті. Солардың бірі – Халықаралық қаржы корпорациясының (Тhe International Finance Corporation (IFC) портфель менеджері Мартин Кимминг (Мартин Кимминг). Оның атап көрсетуінше, Қазақстанның банк саласының шетелдік қарыздары 40 пайыздан да асты және айлық жалақының өсуі мен тұтынушылардың есебінен 8.5 пайызға жақындаған инфляция деңгейі де қатер туғызады. Міне осындай қатерлі жағдайды Мартин Кимминг қазақ банктерінің қол жеткізген жетістіктерінің “қараңғы беті” деп атап айтты.