Краснояр өлкесінде орман өртіне қатысты алғашқы қылмыстық іс қозғалды. Өлкелік орман шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері "салғырттық" бабы бойынша айыпталып отыр. Әзірге қанша адамға айып тағылғаны белгісіз. Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті хабарлады.
Тергеушілердің пікірінше, жауапты тұлғалар наурыз айынан бері өрттің алдын алу үшін қажетті шара қолданбаған. Шығын көлемі анықталып жатыр.
Соңғы мәлімет бойынша, Сібірдегі орман өртінің аумағы үш миллион гектарға жеткен. Өртті сөндіруге үш мыңға жуық адам, 390 техника мен 28 ұшақ пен тікұшақ жұмылдырылған. Ресейдің Иркутск облысы, Краснояр өлкесі, Бурятияның екі ауданы мен Якутияның бір ауданында төтенше жағдай жарияланған.
Оқи отырыңыз: АҚШ орман өртін сөндіруге көмектесе ме?
Роскосмос өрттің орбитадан түсірілген суреттерін жариялады. NASA мәліметінше, өрт түтіні Аляска мен Канадаға жеткен.