Жексенбі күні Бакудегі Гүл фестивалі барысында 50-ден аса адам бірер сағатқа қамауға алынды. Жастар билікті мұндай мейрамның орнына сәуірдің 30-да Әзірбайжан ұлттық мұнай академиясындағы атыста құрбан болғандарды еске алып, аза тұту күнін жариялауға шақырған-ды.
Әзірбайжан ресмилері бұрынғы президент Гейдар Алиевтің туған күнінің 86 жылдығын тойлап жатқанда жас белсенділер көшелерге шығып, сәуірдің 30-дағы атыста құрбан болғандарды еске алды. Ол оқиғада 13 адам қаза тапқан болатын.
Жас әзірбайжандықтар университетте Грузия азаматы өлтірген студенттер мен мұғалімдердің құрметіне ұлттық аза тұту күнін жариялауға шақырды.
Бейбіт наразылық шарасын әртүрлі жастар топтары интернеттегі Facebook және тағы басқа желілер арқылы ұйымдастырды.
Азаттық радиосы Әзірбайжан қызметінің хабарлауынша, кей шерушілер қолдарына қара лента тағып. әлгі атыс құрбандарының суреттерін көтеріп шықты. Солардың бірі AN жастар желісінің негізін қалаған Эмил Милли. Бұл жастар желісі интернетте түрлі тақырыптарда форумдар мен талқылаулар ұйымдастырады.
«Біз негізгі мейрам шаралары өтіп жатқан қаладағы орталық паркке жиналдық. Әрбіріміз қолымызға екі тал гүлден алып шықтық. Әзірбайжан дәстүрінде жұп гүлді өлген адам үшін алып барасыз. Біз тыныш жағдайда отырдық, үн қатпадық. Ешқандай үндеулер айтпадық, Тек қана университеттегі атыстан құрбан болғандарды есімізге алып отырдық», - дейді Милли.
Милли мен тағы басқа 50-ге жуық адамды полиция бірнеше сағатқа қамауға алды деп хабарланды. Олардың бәрі кейіннен босатылды.
Бакудегі полиция бекетінде отырған кезінде Милли Азаттыққа сұхбат берді. Оның айтуынша, полиция тұтқындалған жастарға неліктен олардың қамауған алынғандығы туралы ешнәрсе айтпаған.
Сәуірдің 30-дағы қайғылы оқиғадан бері 10 күн өтсе де, биліктің бұл гүл фестивалін тойлауы орынсыз дейді Милли.
«Бұл көптеген адамның көңіліне тиеді себебі халықтың басым көпшілігі гүл фестивалін тойлаудың орнына университеттегі атыстың құрбандарына байланысты аза тұту күні жариялануы тиіс еді, бұндай мейрамның тойлануы орынсыз деп отыр», -дейді Милли.
Жас әзірбайжандықтар мамырдың 1-де де Ұлттық мұнай академиясы алдында кішігірім наразылық акциясын өткізіп, билікті әлгі қайғылы оқиғаға байланысты ұлттық аза тұту күнін жариялауға шақырған болатын.
Жексенбі күні полиция 30 белсендінің тұтқындалғанын растады. Кей жастардың қажетті құжаттары болмаған еді дейді полиция өкілі.
Әзірбайжанның жастар мен спорт министрі полицияның әрекетіне қолдау білдіріп, «ешқандай жиын өткізілмеуі тиіс деп айтылған еді ғой» деп мәлімдед іжурналистерге.
Қамауға алынған жастардың кейбірі жараланды деген хабарларға байланысты Бакудегі АҚШ елшілігінің баспасөз хатшысы Терри Дэвидсон алаңдаушылығын білдірді. Адамдардың жиналу бостандығы мен сөз еркіндігі демократиялық қоғамның негізі екендігін атап көрсеткен Дэвидсон «әр адам басқалардың пікірін құрметтеп, оның пайдалы жағын алуға қабілетті болуы тиіс» деген Гейдар Алиевтің сөздерін келтірді.