"Алдымен өткен тарихқа қатысты мемлекеттік көзқарас өзгеруі тиіс..."

Астананың бір шетінде ашық далада тұрған қазақ батырларының ескерткіштері. 21 қазан 2009 жыл

Азаттық Радиосы Қазақ мемлекетінің іргесін қалаған және отарлық езгісінде болған кезеңде ұлттық тәуелсіздік үшін күрескен тарихи тұлғалар тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізді.


Дөңгелек үстел сұхбатына Астанадағы мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Әбжанов пен Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының басшысы әрі саясаттанушы Айдос Сарымов, Қазақстан парламенті Сенатының бұрынғы депутаты, Жалпыұлттық социал-демократиялық «Азат» партиясының Астана қалалық филиалының төрағасы Уәлихан Қайсар және «Абырой» жастар қозғалысының өкілі Азамат Жетпісбаевтар қатысты.

Дөңгелек үстел сұхбатын осы арадан тыңдай аласыз.