Үздік үш комментарий

Көрнекі сурет.

Azattyq.org оқырмандары соңғы аптада (17 – 22 желтоқсан) сайтта жарияланған мақалаларға қатысты жазған комментарийлердің назар аудартқандары.


БАҚЫТ, АҚТӨБЕ

Пойызда балық сатып семьясын асырап жүргендері гой. Әйтпесе не қылсын! Проводник бір, полиция екі қуады. Қашып-пысып жүріп, күннің ыстығында, суығында балық сату оңай емес. Әсіресе белдері бүкірейген, беттері әжім-әжім әжелерді көргенде мықты аяймын. Қартайғанда қылайын деген тірлігі ме олардың? Егер мына жағында бәрі шылқып тұрса, пойызға шығар ма еді?

Пойыздағы балық сатушылар» атты мақалаға жазылған пікір)


МАРАЗЫМ КРЕПШАЙЫТОВ, ыЗаКО

Дау жоқ кезде спортшының жаманы жоқ, дауға іліксе допингтен аманы жоқ.

Қазақстанның допинг дауына ұрынған спортшылары» атты мақалаға жазылған пікір)


БАХЫТЖАН

Ағайындар, келе жатқан 1938 жаңа жылмен құттықтаймын!

Взгляд» жабылды, «Голос республики» соты кейінге қалды» атты мақалаға жазылған пікір)


P.S. Құрметті оқырмандар, Азаттық сайтында апта ішінде жарияланған пікірлердің арасынан ең үздігін өздеріңіз анықтай аласыздар. Ол үшін сайтқа тіркеліп, ұнаған комментарийге дауыс беру керек. Әр пікірге қанша адам дауыс бергені сайтта көрініп тұрады.