Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың миллиардер күйеу баласы Тимур Құлыбаев Лондондағы зәулім сарайларының бірін сатты.
Шығыс Қазақстан облысындағы Маралды ауылына тұрғындар наразылығынан соң арнайы жасақ кірді. Билік "ауыл халқы заң бұзды" дейді.
6 мамырда бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев пен оның бірге айыпталған туысы Бақытжан Байжанов сотта соңғы сөздерін айтты.
Жамбыл облысында оқушы мектеп әжетханасында көз жұмған. Әлімжеттік болған деген хабар тарады. Полиция бір оқушыны ұстап, екі айға қамады.
Қаңтарда туыстары қаза тапқан бір топ адам Алматыда өтіп жатқан JAD көрмесіне келіп, марқұмдарды еске алды. Бірнеше ата-ана оққа ұшқан балаларын сотпен ақтауды, арнайы статус беруді талап етті. Суретші Асхат Ахмедияровтың JAD көрмесі Қаңтар оқиғасына арналған.
Алматыда Қаңтар оқиғасының құрбандарын еске алатын JAD атты көрме өтіп жатыр. Оны дүрбелең кезіндегі жапа шеккендер мен қаза тапқандар ісін құжатқа түсірген құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина мен суретші Асхат Ахмедияров ұйымдастырған.
Бишімбаев сотындағы жарыссөз кейінге шегерілді. Прокурор әуелде таққан айыбынан неге айнып қалды?
АҚШ мемлекеттік департаментінің әлем елдеріндегі жағдай туралы жаңа есебінде 2023 жылы Қазақстанда адам құқының жай-күйі айтарлықтай өзгермегені айтылған.
Батыс Қазақстан облысында тасқынның екінші толқыны жетіп, елді мекендер суға батып жатыр. || 20-21 сәуір күндері әлемнің бірнеше еліндегі қазақтар митинг өткізді. || Абақтыда аштық жариялап жатқан журналистер – Тілеужан мен Мұхаммедкәрімге қысым көрсетіліп жатыр деп мәлімдеді жақтастары.
Қазақстанның солтүстік өңірінде су тасқынының екінші толқыны келе бастады. Бірнеше елді мекеннен тұрғындар эвакуацияланды. ||Су тасқынын сынаған адамдардың кейбірі жауапқа тартылды. || Қазақстанға АЭС керек пе, жоқ па? Шымкентте қоғамдық тыңдау өтті.
Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотын миллиондаған адам бақылап отыр. Арасында шетелдіктер де бар. Неліктен сот процесі жұрт назарына ілікті және Қазақстанда сот отырысын алғаш рет онлайн көрсетудің сыры неде?
Оралда тұрғындар биліктен өтемақы талап етіп наразылыққа шыққан. Өңірде тасқын қаупі әлі өршіп тұр.
Қасым-Жомарт Тоқаев су басып жатқан Солтүстік Қазақстанға барды. Президент барлық шығынды мемлекет өтеп береді дейді. Ал жұрт бір реттік төлем алу үшін кезекте тұр.
Петропавлдың іргесін су басып жатыр. Жеті мыңнан аса адам эвакуацияланған.
Жайық көтеріліп келеді. Атырау облысында жұрт дүрліге бастады. Пойыз, ұшаққа билет жоқ. Тасқын су солтүстіктегі Петропавл қаласының іргесіне жетті. Электр бағандары құлап, облыс орталығы сусыз қалды. Алматыда бөгет салуға 22 млрд теңге бөлініп, құрылысы бітпей қалған.
Тағы