23 қаңтарға қараған түні Алматыда жер сілкінісі ерекше қатты сезілді. Түн ішіндегі тосын құбылыстан асып-сасқан жұрт сыртқа ұмтылды. Әлеуметтік желідегі видеоларда көшеде сырт киімсіз, кейбірі жалаңаяқ жүрген адамдар байқалады. Ресми дерекке сай, түнгі бейберекет кезінде кемі сегіз адам жапа шеккен.