Шамалғанда жұрт Болат Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Жаназаға экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысқаны айтылды. Күзет журналистерді үйге де, бейітке де жақындатпады.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев 13 қарашада Алматының орталық ауруханасында қайтыс болды. Он күндей бұрын ол ауыр халде ауруханаға түскені жөнінде ақпарат тараған.
Орталық Азия елдері КГБ архивтерін ашып, сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын ақтап жатыр. Бірақ Ресейге мұндай бастамалар ұнамайды. Кей тұлғалар Орталық Азия мемлекеттерін Совет Одағының беделіне нұқсан келтірді деп айыптап отыр.
Әйелінің қазасынан кейін бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев қамауға алынды. Кісі өлімі болған бизнес-ғимарат Бишімбаевтар әулетіне қарайды.
Кейінгі статистикалық деректерге қарағанда, Қазақстанда түрлі психологиялық ауруға шалдыққан 196 мың адам бар. Азаттық осындай диагнозбен өмір сүріп жатқан жандармен және оларға күнделікті өмірге бейімделуге көмектесіп жүрген адамдармен сөйлесіп, әңгімесін тыңдады.
9 қарашада Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға ресми сапармен келді. Астана әуежайында оны Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күтіп алды.
Назарбаевтар әулетінің бұрынғы құдасы, олигарх Қайрат Боранбаев шартты түрде түрмеден босап шықты. Ол мемлекетке қанша млрд теңге қайтарды? Ол билікпен арадағы сауда ма?
Астанада Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті өтті. Ақордадағы жиынды журналистер тағы да бірнеше шақырым жерден бақылауға мәжбүр болды.
Алматы соты бірнеше редакция мен журналиске шабуыл ұйымдастырды деп күдікке іліген Аркадий Клебановтың "ақыл-есі кем" деп тауып, оны мәжбүрлі емге жіберді. Шабуылға ұшыраған журналистер сот шешіміне келіспейді.
Франция президенті Қазақстанға алғаш рет ресми сапарлап келді. Батыс баспасөзі сапарды Францияның уранға мұқтаждығымен байланыстырады.
Қарағанды облысында Костенко шахтасындағы жарылыстан қаза тапқан кеншілерді туыстары ақтық сапарға шығарып салды. Бүгінге дейін 37 марқұм жерленген.
Қарағанды облысы Костенко атындағы көмір шахтасындағы 28 қазан күнгі жарылыстан мерт болғандар саны 46-ға жетті.
"Арселор Миттал Теміртауға" қарасты кәсіпорындарда апат жиі болады. Ресми мәлімет бойынша, компания нысандарында кейінгі 15 жылда түрлі апаттан 100-ден аса жұмысшы қаза тапқан. "Арселор Миттал" Қазақстандағы ірі көмір кеніштері мен металлургия комбинаттарын қалай иемденді? Шолып шығайық.
Атырауда ондаған әйел жергілікті әкімдікке барып, баспана, әлеуметтік жәрдемақы талап етіп, наразылық білдірді. Олар жиналуға 25 қазан күні Аягөзде өрттен қаза тапқан төрт бүлдіршіннің өлімі себеп болғанын айтады.
Maxar Technologies компаниясы 26 қазанда Газа секторының Израильдың әуе шабуылына дейінгі және кейінгі суреттерін жариялады. 7 қазанда Израиль ХАМАС радикал тобының шабуылына жауап ретінде Газа секторына әуеден соққы бастаған.
Абай облысы Аягөз қаласында тұрғын үйде өрт шығып, төрт бүлдіршін қаза тапты. Оқиға кезінде әкесі жұмыста, анасы базарда болған.
Кейінгі үш жылда тоғыз бәйгенің сегізінде бірінші келген Қарақызға тең келер тұлпар дәл қазір Қазақстанда да, Қырғызстанда да жоқ. Қарақызды аламанға атбегі қалай баптағанын, шабандоз бозбаланың жарысқа қалай дайындалғанын Азаттықтың Қырғыз қызметі түсірген қырғызша деректі фильмді тамашалаңыз.
Оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязов 25 қазан күні елдің бүкіл аймағындағы азаматтарды митингіге шақырған. Саясаткер белгілеген орындарда күзет күшейді, кейбірінде азаматтарды полция ұстады. Ал бірнеше облыста белсенділердің үйін күштік құрылым қызметкерлері торуылдап тұр.
Алматы мен Астанада митингіге келген бірнеше адам ұсталды. Белсенділердің кейбірі есігінің алдын таң атпастан полиция торуылдап жүргенін айтты.
Тағы