Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында Қазақстан 5 қазанда жетінші алтын медалін алды. 5 қазандағы жағдай бойынша, Қазақстан 8 алтын, 13 күміс, 37 қоламен 10-орында тұр. Азаттық Азия ойындарының чемпионы болған Қазақстан спортшыларын ұсынады.
Қазақстан үкіметі интернетті шектеп, сайттарды бұғаттап, контентті алып тастауды талап етеді. Ал журналистер түрлі шабуылға ұшырайды деп жазған Freedom House халықаралық ұйымы 4 қазанда жариялаған Freedom of Net баяндамасында.
Алматыда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың әкесінің атында аудитория ашылды. Бұрын көп еленбеген жазушының 100 жылдық тойын биыл айырықша тойлау жағымпаздық емес пе?
Қаңтар дүрбелеңінде қаза тапқан Айкөркем Мелдеханның өліміне күдікті әскеридің адвокаттары бүлдіршіннің әкесін қылмыстық жауапқа тартпақ. Айдос Мелдехан мұны "биліктің қысымы" деп есептейді.
Ресейлік Максим Галкиннің Қазақстанда концерті тағы өтпейтін болды. Алматы мен Астанадағы екі сарай да бір уақытта бұзылып қалған. Желідегі жұрт бұған күдіктене қарайды.
Оралдағы "Шаңырақ" жасөспірімдер үйі жөндеуге жабылған. Апат қаупі төнген ғимараттан балалар үйінің түлектерін көшірудің аяғы шуға ұласты. Баспанасына қайта оралуға биліктен кепілдік сұраған бірнеше адам шатырдан секіреміз деп қорқытты. Шенеуніктер жазбаша келісімшарт береміз деген сөзінде тұрмады.
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдегі экономикалық мәселелер мен энергетикалық дағдарысқа қарамастан, жаңа президент сарайын салғызып жатыр. Президент нысан құрылысын толықтай мемлекет иелігіндегі маңызды жерлерді алған инвесторлар қаржыландырады деп мәлімдеді.
PaperLab зерттеу орталығы "Қазақстан қоғамының Қаңтар оқиғасына көзқарасы" атты есебін жариялады. Бұл — кемінде 238 адамның өмірін қиған қанды оқиға жөніндегі алғашқы әлеуметтану зерттеуі. Қазақстандықтардан сауалнама жүргізу арқылы жасалған.
Алматының іргесіндегі "Алтын Орда" базарының саудагерлері жабық павильон салу үшін қожайынға берген ақшасы ізім-ғайым жоғалып кете ме деп алаңдайды. Өйткені базарды қазір ақша жиған компания емес, басқа адамдар басқарады. Ал құрылыс басталса да жұмыс баяу жүріп жатыр.
Оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайдың кітап шығаруына да тыйым салынды. Мұндай шешімді 25 қыркүйекте Алматыдағы Бостандық аудандық сот шығарған. Мамайдың өзіне салынған тыйымдарды нақтылау жөніндегі өтінішін қараған судья "кітап шығару қоғамдық жұмыс саналатынын" айтып, оған тыйым салды.
Орал қаласында тұратын ерлі-зайыпты кәсіпкерлер жер мәселесі жөніндегі заңгер әрі мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбекті және аймақтық "Уральская неделя" газетін сотқа берді. Құрылыс компаниясының иелері сотқа депутат Базарбек өндіріс нысанының жанынан салынып жатқан тұрғын-үй кешеніне қатысты шыққан дауға пікір білдіріп, кәсіпкерлерге тіл тигізіп, моральдық шығын келтірді деп шағымданды. Сот талап-арызды ішінара қанағаттандырды.
Қырғызстан президентінің зайыбы басқаратын қор өз жобаларына 123 млн доллар алған, оның бір бөлігі – Қытай қаржысы. Бұл туралы Temirov LIVE зерттеу агенттігінің зерттеуінде айтылған. Қор ақпаратты "шындыққа сай емес" деп атап, жоққа шығарды.
Қаржы министрлігі шетелден, халықаралық ұйымдардан, шетелдіктерден және азаматтығы жоқ адамдардан қаржы алатын жеке және заңды тұлғалардың тізімін жариялады. Онда түрлі салада жұмыс істейтін 240 ұйым мен жеке тұлға: БАҚ, құқық қорғау ұйымдары, қоғамдық қорлар, журналистер бар. Бұл нені білдіреді?
"Дикий Арман" деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев пен тағы 40 шақты адамның соты жабық түрде өтетін болды. Судья оны "адамдардың өміріне қауіп төніп тұр" деп түсіндірген.
Қазақстандық ЖОО-ға дейінгі дайындық орталықтары ресейлік оқу орындарына сұраныс өсіп келеді дейді. Ол жақта оқып жүрген студенттер мен ата-аналары қауіп-қатерге қарамастан Ресей университеттерінде қалатынын мәлімдеді. Неліктен?
Нью-Йоркте АҚШ пен Орталық Азия басшыларының саммиті өтті. Осы сәтте ғимарат сыртында Тоқаевқа санкция салуды талап еткен наразылар тұрды.
АҚШ пен Орталық Азияның бес елінің алғашқы саммитінде Вашингтон аймақ қауіпсіздігіне бөлінетін қаржыны ұлғайтып, бес елге пайдалы қазбаларды игеруге және энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға жәрдемдесетінін мәлімдеді. Саммит қарсаңында HRW АҚШ президентін адам құқықтарын басты орынға қоюға үндеген.
Бас прокуратура экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді. Құзырлы орган мәлімдеуінше, Самат Әбіш "Қаңтар оқиғасына байланысты күдіккен ілінген".
Тағы