Өзбекстан құрамындағы Қарақалпақстанда былтыр өңір тарихындағы ең қанды оқиғалардың бірі болды. Ресми дерек бойынша, жаппай наразылық кезінде 21 адам қаза тауып, 243 адам жараланған. Тәуелсіз зерттеушілер 55-77 адам көз жұмған дейді. Оқиғадан кейін ондаған азамат түрмеге жабылды.