Қазақстанда 28 жыл жұмыс істеген "Сорос Қазақстан" қоры азаматтық бастамаларды қаржыландыруды тоқтатып, сараптама орталығына айналатынын мәлімдеді. Қор қаржыландырып келген кей ұйымдар бұған алаңдаулы, олар бұл азаматтық қоғамға теріс әсер етеді дейді.