Маман бүгін Азаттыққа сұхбат беріп, өлім себебін анықтауға бір айдан аса уақыт керегін айтты. Оның сөзінше, Каспийде жалпы 300 мың итбалық болса, оның 60 мыңға жуығы Қазақстан жағында жүреді. «Кейінгі жылдары итбалықтар табиғи себептен емес, сыртқы фактор әсерінен көбірек өле бастады» дейді.