Астана қаласының мәдениет басқармасы Галкин концерті жоспарланған күні концерт залында мұғалімдердің мерекелік іс-шарасы өтетінін хабарлады.
Астанадан 45 шақырым жердегі Ағанас ауылында қазір жалғыз адам тұрады. 2015 жылы ауылды су басып, басқалары үдере көшкенде Жаннат Изимбаев үйін қимай, қалып қойған. Азаттық тілшісі жұртта қалған жалғыз үйдің тұрмыс-тіршілігін көріп қайтты.
Журналист қамауда отырғанда Журналистерді қорғау жөніндегі халықаралық комитет (CPJ) Қазақстан билігін Батырбековті тез арада босатуға үндеді. Батыбрбеков мақалалары үшін жиырма рет сотқа тартылып, бес рет әкімшілік қамауда болды.
Астанадан 30 шақырым жердегі Қабанбай батыр ауылында мыңдаған адам бірнеше жылдан бері судан таршылық көріп отыр. Жазда су тіптен азайып, жұрт әбіржіп қалады. Келетін судың сапасы да жақсы емес. Кермек суды қайнатпай іше алмайды. Су стансасы бұған "тұтынушының көп болуы себеп" дейді.
Астанада кәмелетке толмаған балалары "адам өлтіріп, қарақшылық жасады" деген айыппен жеті жылға сотталған екі әйел Ақорда алдындағы көпірге шығып алды. Олар президент әкімшілігі мен Бас прокуратураға шағымданып, қайта тергеу жүргізуді талап етті.
АҚШ Ресейге дрон тасымалдаған Қырғызстанның төрт компаниясына санкция салды. Бішкек "бұл компанияларға қырғыз билігінің қатысы жоқ" деп мәлімдеді.
Сотты болған соң "экстремистер" тізіміне еніп, түрлі шектеу қойылды. Азаттық тілшісі Нұргүл Тапаева қудалаудан кейін Болатбек Біләловтің өмірі қалай өзгергенін көріп қайтты.
11 шілдеде Алматыда сот Қаңтар оқиғасы кезінде "әуежайды басып алу ісі" бойынша үкім шығарды. 5 адам 4-8 жылға түрмеге кесілді. Сотталғандардың "әуежайды басып алуға әзірленген экстремистер"» дегенге сенбейтіндер көп. Азаттық қоғам белсенділерінен, құқық қорғаушы мен депутаттан үкім туралы сұрады.
«Настоящее время» арнасының журналистері Украинадағы орыс әскері бастаған соғыс тұсында Қазақстанның Ресейге жақын қаласындағы халықтың көңіл-күйін білді.
Сенат пен мәжіліс депутаттары екі ай каникулға кетті. 30 маусымда біріккен отырыс өткізген парламент 100 күндік жұмысына жоғары баға берді. Алайда сарапшы президенттің "ықпалды парламент" туралы уәдесі орындалмады деп есептейді.
Алматыда «Халық парламенті» жиынына қатысқан тағы бір белсендіге айыппұл салынды. Жабық ғимараттағы отырыс үшін жауапқа тартылғандар мұны «саяси қудалау» деп есептейді.
Соғысқа да қолдануға болатын тауарлардың Ресейге реэкспортын жақында Азаттық та зерттеген.
24 маусым күні көпшілік «азаматтық соғысқа ұласады» деп бағалаған Ресейдегі бүлікті Қазақстан билігі де, тұрғындары да жіті бақылады. Ақорда оқиғаны «Ресейдің ішкі шаруасы» деп атады. Сарапшы «Кремлге кім келсе де Қазақстанға жақсы емес» дейді.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мамырдың аяғында "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деген айыппен 25 күнге қамалған журналист Думан Мұхаммедкәрімді билік саяси көзқарасы үшін жауапқа тартып жатқанын айтты.
Кейін марқұмдардың туыстарымен сөйлескен шенеуніктер музыканттар қайырымдылық шара деп атаған концертке рұқсат берді.
Азаттық Factcheck.kz интернет сайтының бас редакторы Думан Смақовтан парламент мәжілісінде талқыланып жатқан "Масс-медиа туралы" заң жобасына қатысты пікірін сұрады. Журналист жобаны қазіргі қалпында қабылдауға болмайды деп есептейді.
Астанаға келген Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуінде Ресейге салынған санкцияларды айналып өту мәселесін, Кремльдің Украинамен агрессиялық соғысын талқылағанын мәлімдеді.
18 маусым күні Астанада банк бөлімшесіне басып кіріп, адамдарды кепілге алды деген азамат 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ішкі істер министрінің сөзінше күдікті бұған дейін де екі рет істі болып, сотталған.
Астанада Кіші Талдыкөл мүлде тартылуы мүмкін. Тұрғындар қанша күрескенімен сот көлдердің біреуін ғана сақтап қалуға шешім шығарған. Шешіммен келіспеген тұрғындар Жоғары сотқа шағымданды.
Тағы