АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Қытайдың ескертуіне қарамастан, Тайваньға ұшып барды. Тайбэйде ресми кездесулер өткізіп жүр. Пекин Пелосидің сапарын Қытай егемендігіне нұқсан келтіру деп бағалап, аралмен шекаралас аумақта әскери жаттығу өткізді.
31 шілдеде Алматыдағы "Алматы Арена" спорт кешенінде Украинаны қолдау концерті өтті. Қайырымдылық шараға украиналық әртістермен бірге қазақстандық әншілер де қатысты. Бірақ концерт залына Украинаның туын алып кіруге, басқа да саяси символдарды көрсетуге тыйым салынды.
Қазақстанда оқимын деп, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан мен Ираннан келген отыз шақты ұлты қазақ студент жоғары оқу орындарының грантына конкурсқа қатыспай қалады. Олар бір жыл бойы даярлық курсынан өтіп, стипендиялық бағдарламаға ілікпегеніне қапалы.
Қазақстан билігі сайлау туралы заңға өзгеріс енгізгелі жатыр. Дауыс берудің әділ өтуін бақылайтын ұйымдар заң жобасын "тәуелсіз бақылаушыларды сайлаудан шеттету амалы" деп бағалады. Әділет министрлігінің ұсынысына қарсы пикетке шыққан белсендіге сот айыппұл салды.
Желіде жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына Қазақстан атынан қатысып, алтын жүлде алған кениялық Нора Джерутаның жеңісін талқылады.
Қаңтар оқиғасында оққа ұшқанн Өзбекстан азаматы Зиятжон Қошқаровтың жесірі мен жеті баласына халық ақша жинап үй салып берді. Марқұмның әйелі Светлана Сәрсенбаева 20 шілде күні таныстарын шақырып, қоныс той өткізді.
Қаңтар оқиғасынан соң ұсталып, үш ай қамауда отырған Самат Нұрмұхановтың денсаулығы сыр беріп, аяқ-қолы жансызданып қалды.
Үшқоңыр ауылының тұрғындары бау-бақша суаратын су жолын Назарбаев әулетінің үйлері жауып тастағанын айтады. Су арнасын жөндеуге кіріскен мамандар халық ауызында Назарбаевтардың үйі деп аталып кеткен зәулім үйлерге кіру мүмкін емес дейді.
Ресейдің Украинаға басып кіргеніне 140 күн толды. Қазір екі тарап та Донецк облысы үшін ұрысқа дайындалып жатыр. Ал бейбіт келісім жайында әлі сөз жоқ. 13 шілдеде тараптар Түркияға барып, астық мәселесін ғана келіспек.
Соғыстың 139-күні Ресейде әскери қойма жарылды. Бұл кейінгі екі аптада жарылыс болған он бесінші қойма. Ал Ресейліктер шабуылын қарқынын азайтқан. Батыс барлаушылары "олар келесі ұрысқа дайындалып жатыр" дейді.
Алматыда сот Қаңтар оқиғасы кезінде "қару ұрлады" деп айыпталған Әлібек Иманбековті түрме жазасына кесті. Айыпталушы тергеуде азапталғанын айтып, айыппен келіспейді.
6 шілде Астана күні Нұрсұлтан Назарбаевтың «30 жылдағы қылмыстары» туралы акция өткізіп, экс-президентті туған күнімен “құттықтамақ болған” “Демпартия” белсенділерін полиция ұстап әкетті. Ал Республика алаңында Қаңтар оқиғасына арнап жасаған ескерткіш жобасы таныстырылды.
Өзбекстан Конституциясына өзгеріс енгізіп, құрамындағы Қарақалпақстанды егемендіктен айырмақ болған соң шілденің басында мыңдаған адам Қарақалпақстан астанасы Нөкіс көшелеріне шықты. Ташкент онда әскер кіргізіп, наразылықты күшпен тарқатты.
Желіде үкіметтің "80 мың киікті атуға рұқсат береміз" деген сөзін талқылап жатыр.
238 адам қаза болған Қаңтар оқиғасында іс-түзсіз жоғалғандар бар. Олардың аты-жөні мен саны белгісіз. Билік олар туралы мәлімет бермеді.
Химия-биология бағытында білім беретін Назарбаев зияткерлік мектебіне балалары оқуға тапсырып, түсе алмаған ата-аналар "грант бөлуде әділетсіздік болды" деп тағы жиналды. Ресми дерек бойынша, биыл қалада 6 сыныпты 33 мың оқушы аяқтаған, оның жартысынан көбі орыс сыныптарын бітірген.
Соғыстың 125-күні ресейліктер тағы бір қалаға зымыран атып бірнеше адам қаза болды. Мәскеу қаланы атқылағанын жоққа шығармайды. Осы кезде Мәскеудің өзінде соғысты ашық сынап жүрген ресейлік санаулы оппозиционердің бірін полция ұстап әкетті.
Желіде АҚШ Жоғарғы соты әйелдерді аборт жасауға мүмкіндік беретін конституциялық құқығынан айырғанын талқылады.
7 қаңтар күні оқ тиіп қаза тапқан Бабахан Жолбарысханұлының туыстары қозғалған істің аяқталмай жатқанына қапалы. Куәгердің сөзінше, полицей болуды армандап жүрген 21 жастағы жігіт "полиция оғынан көз жұмған". Тергеуші ақпарат құпия екенін айтып, жауап беруден бас тартты.
Қызылордада қант тапшы. Қазір бағаны тұрақтандыруға арналған әлеуметтік дүкендерде әр адамға 1 келіден артық қант сатылмайды. Тіпті базарда да осындай шектеу бар. Жергілікті билік бұл мәселені Ресей мен Украина арнасындағы шиелініспен байланыстырады.
Тағы