Қордайда болған қазақ-дүнген қақтығысына байланысты сот аяқталды. 51 адамға үкім шықты. Біреуі ақталды. Қалғандары 2 жылдан 20 жылға дейін сотталды. Адвокаттар үкіммен келіспей, апелляцияға шағым түсіретінін айтты.
Желіде Astana LRT жобасының құрылысына қанша ақша кететінін және бірнеше видеоны талқылады.
Желіде Қазақстан ғалымдары әзірлеген QazVac вакцинасының жаппай егіле бастауын талқылады.
Желіде Madmen тобы мен оның продюсері Руслан Хванның "есірткі сатып ұсталғанын" талқылады.
Алматыда жедел жәрдем қызметкерлері өтемақы мәселесін айтып тағы да наразылық білдіріп, әкімдікке барды.
Шымкентте 70-тен астам кәсіпкер әкімдік алдына жиналып, қаланың бас санитар дәрігерін отставкаға жіберуді талап етті. Олар екі күн бұрын шыққан жаңа қаулыда шағын кәсіп иелерінің жұмысын тым шектеп тастаған дейді.
Биліктегі "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары Бауыржан Байбек оппозициялық саясаткер Жанболат Мамайды сотқа бермек. Байбек өзі жайлы Мамай шығарған фильм жалған ақпаратқа толы дейді. Ал Жанболат Мамай Байбек барлық мәселеге жауап берген жоқ деп дебатқа шақырды, сотқа да дайын екенін айтты.
Желіде Атырау облысы қазақ-орыс шекарасындағы Көптоғай ауылының жеріне қатысты дауды талқылады.
Алматы әкімдігі қаланың алдағы екі жылға даму жоспарын жариялады. Ал екі айдан соң Бақытжан Сағынтаевтың әкім болып тағайындалғанына екі жыл толады. Қала тұрғындары әкім екі жылда қандай іс атқарды деген сауалға "нақты нәтиже көрмедік" дегенді айтты.
Қазақстанда бір айда бензин бағасы шамамен он пайыз қымбаттады. Жанармай бағасының өсуі елдегі барлық қалада байқалды. Бұған жұрт наразы. Ал экономист мұның жалпы нарыққа әсері тиеді деп отыр.
Желіде "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған үйлердің сапасы мен сорға батқан аққуды құтқарған мұнайшылар сөз болды.
Қордайда былтыр болған ұлтаралық жанжал байланысты сотта прокурор айыпталушыларға жаза сұрады. Дүнген қауымдастығының төрағасы прокурор «әділетсіз» жаза сұрағанын айтады. Ал қазақ азаматтары кінәсіз деп санайтын саясаткер сотта жанжалдың шығу төркіні есепке алынуы тиіс дейді.
Желідегі жұрт Ораза айының келуі мен "арақты жерлеу акциясын" талқылады.
Қазақстанда коронавирус індеті ушығып тұр. Ауруханада орын азайып барады, үйден емделетіндер де көбейіп жатыр. Ресми мәлімет бойынша, Алматыдағы инфекциялық ауруханалардың 58 пайызы, астанадағы ауруханалардың 66 пайызы науқасқа толған.
Алматыда еріктілерге коронавирусқа қарсы екпе егіліп жатыр. Кез келген адам емханаға барып, кезекке тұрып вакцина салдыра алады. Бірақ науқан басталғалы үш күн өтпей жатып вакцинаның алғашқы легі таусылған.
Алматыда Қытай консулдығы маңында өтіп жатқан акцияны қолдауға барғандар жазаға тартылып, полициядан ескерту алып жатыр. Нарызылыққа шыққандар консулдыққа жақындай алмайды. Олар Қазақстан билігінің "Шыңжаңдағы қуғын-сүргін Қытайдың ішкі ісі" дегенімен келіспейді.
Желіде 1 сәуір - Халықаралық әзіл күніне орай жазылған жазбаларды талқылады.
Алматыда былтыр лицензиясынан айырылған Тынышбаев атындағы көлік және коммуникация академиясы студенттері мен оқытушылары білім министріне наразы. Биыл атауын ауыстырып, жаңа лицензиямен жұмыс істей бастаған академияға кейбір мамандықтарды оқытуға рұқсат берілмеген.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар көбейіп, қызыл аймақтың саны беске жетті. Денсаулық сақтау министрлігі вирустың басқа штамдары анықталғанын мәлімдеді. Науқастың көптігі сондай Алматыда спорт сарайы емдеу орталығына айналған.
Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан 8 наурызда Алматыда әкімдік келісімімен өткен әйелдер шеруін сынап, үкіметке сауал жолдады. Ол "шеру тәртібі басқа арнаға бұрылды, оның заңдылығын тексеру керек" дейді. Феминист "депутат жұртты азшылыққа қарсы қылмыс жасауға итермелеп отыр" деп санайды.
Тағы