Алматыдағы Қытай консулдығы алдына үш адам наразылық акциясын өткізді. Олар ағамыз мен күйеуімізді Қытай билігі жібермей отыр дейді. Күзет қызметі наразы әйелдерді елшілікке жақындатпауға, журналистерге видеоға түсіртпеуге тырысты. Ал әкімдік акцияны заңсыз деп атады.
Макс Боқаев 2016 жылғы жер митингісіне дейін де азаматтық белсенді болған. Ол Атыраудың экологиялық проблемасын көтеріп, түрлі акцияға қатысқан. Жергілікті мәслихатқа депутат болуға да ұмтылған. Боқаев кім?
2016 жылғы жер митингілерінен кейін 5 жылға сотталған Макс Боқаев 4 ақпанда Атыраудағы түрмеден босап шықты. Құқық қорғаушылар "саяси тұтқын" деп атаған Боқаевты елдің әр аймағынан жиналған ондаған адам қарсы алды. Саясаткерлер мен белсенділер "Боқаев жазықсық түрмеде отырды" дейді.
Желіде депутаттың қазақша қойған сұрағына орысша жауап берген ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев сынға қалды.
25 қаңтардан бері Ақтөбе облысындағы Көкжиде кенішінде 200-ге жуық жұмысшы жалақыны екі есе көбейтуді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп өндірісті тоқтатты. Олар күні бойы өндіріс аумағындағы ашық алаңқайға жиналып тұрады. Басшылық ереуілшілер талабын орындау мүмкін емес дейді.
Азаттық Қазақстандағы мұнай компанияларында жұмысшылардың наразылыққа жиі шығуының себебін мұнай-газ саласында ұзақ жыл еңбек еткен, басшы қызметтер атқарған Меңдеш Салиховтан сұрады. Ол үкімет пен жергілікті билік шетелдік компанияларға жұмысшылар мүддесін қорғайтын талап қоймайды дейді.
2011 жылғы Жаңаөзен оқиғасынан бері Қазақстанда мұнайшылар ереуілі көп болды. Еңбек жағдайын жақсартып, жұмысшылар құқығын бұзбауды сұраған кей ереуішілер талабы орындалды, наразылық білдіргендердің кейбірі айыппұл арқалап, сотталды.
58 жастағы Нұрлан Көктеубай – Шыңжаңдағы түркі тілдес мұсылмандарға қатысты Пекин саясаты қалай өзгергеніне куә болғандардың бірі. Қазақстанға көшіп келіп, Шыңжаңдағы туыстарына жиі барып тұрған оны 2017 жылы Қытай полициясы тергеп, кейін жеті ай қайта тәрбиелеу лагерінде қамауда ұстаған.
"Сенімнен кетті" деген сөгіспен 2019 жылы Шымкент әкімі қызметінен алынған Ғабидолла Әбдірахымов мәдениет және спорт вице-министрі болып тағайындалды. Міндетін атқара алмай, президент не қоғам сынынан соң қызметінен кеткен шенеуніктердің лауазымды қызметке қайта оралуы Қазақстанда жиі кездеседі.
Желіде Шымкент әкімдігінің ипподром орнына тұрғын үй салу жоспарын талқылады.
Ресейге орала сала қамауға алынған Алексей Навальный мен командасының тағы бір зерттеуі шықты. Бұл жолы олар Ресей президенті Владимир Путиннің зәулім сарайы туралы айтады. Навальныйдың сөзінше, президент мүлкін жасыру ісіне қатысқандар арасында қазақтар да бар.
Желіде "қазақстандық вакцинаны өз еркімен салдырған адам қаза тапса, 500 мың теңге төленеді" деген ақпаратты талқылады.
Азаттық бұрынғы президентке мадақ айтып, кейін қызметі өскендерді шолып шықты.
Желіде сайлау күні наразылыққа шыққандарға басу айтып, плакаттарын жыртқан боксшы Ермахан Ибрайымовтың сұхбатын талқылады.
Сандж зерттеу орталығының зерттеуі бойынша, "Нұр Отанды" қолдау 71 пайыз емес 56 пайыз болған. "Ақ жол", "Адал", "Ауыл" партиялары 10 пайыздан жоғары дауыс алған. Ал ҚХП (бұрынғы коммунистер) жеті пайыздық межеге жетпей қалған.
Парламент сайлауында бақылаушы болған бірнеше азамат дауыс санау процесіне қатыса алмады. Учаскелер жабылып, бюллетендер есептеле бастағанда кейбір қалада тәуелсіз бақылаушыларды алысқа тұрғызып қойып, қарсылық танытқанын шығарып жіберіп жатты. Учаскеде кешкісін пайда болған белгісіз адамдардан кей
Алматыда сайлау күні билікке наразы топ пен бойкот жариялаған белсенділер Республика алаңына жиналды. Алайда полиция белсенділерді қоршап, түнге дейін босатпады. Наразылық білдіріп келген жүзден астам адамды ұстап әкетті.
Желіде марафоншы Марат Жыланбаевтың полиция ұстағанын, боксшы Ермахан Ибраимовтың наразылыққа шыққандарға басу айтқанын талқылады"
Алматыдағы № 173 сайлау учаскесіндегі комиссия төрағасы Нұржан Ысқақов Азаттық тілшісін "ПТР тестің жоқ" деп, учаскеден күштеп шығарды.
Қазақстан соты жемқорлық, ақша жымқыру айыптарымен ұзақ жылға сырттай соттаған ерлі-зайыпты Виктор мен Лейла Храпуновтар Швейцариядан саяси баспана алды.
Тағы