Түркі мемлекеттерінің ұйымы мүше елдерге интеграция және ынтымақтастықтың балама мүмкіндіктерін береді, сөйте тұра бұл ұйым аймақтағы басқа бірлестік және державалармен бәсекеге түспейді, дейді Солтүстік Кипрдегі Таяу Шығыс университетінің ассистент профессоры Әсел Тутумлу.
Алматы тұрғыны прокуратурада өзін өртемек болды. Ол «мұндайға шарасыздықтан бардым» дейді. Полина Терентьеваның 27 жастағы қызы «есірткі тектес зат тасымақ болды» деген айыппен қамауда отыр. Кінәлі деп табылса, кемі 10 жылға сотталады.
Сарыөзек гарнизонының 19 жастағы сарбазы Досымжан Сәлімжан биыл мамырда госпитальде көз жұмды. Оны ұрып-соққаны үшін 7 жылға сотталған командирі «тек басынан сипадым» деп отыр. Ал сотқа келген солдаттар «тоқылдақ» болмау үшін істі жасырып келгенін айтты. Ананың көз жасы үшін кім жауап береді?
Ресейдің авиабомбасы Харьковтағы тұрғын үйге түсіп, бейбіт тұрғындар зардап шекті, бір бала қаза тапты. Солтүстік Кореяның соғыста Ресейге көмектесуі АҚШ пен Оңтүстік Кореяны алаңдатады. 31 қазандағы жағдайды шолып шықтық.
Ресейдің Брянск облысындағы қару-жарақ қоймасына шабуыл жасалып, өрт шықты. Аннексияланған Қырым түбегіндегі мұнай базасы үш күннен бері жанып жатыр. Оңтүстік Корея тарабы Украинадағы соғысқа Солтүстік Кореядан әскерилер аттанған дейді.
Қаланы жарықтандыру мәселесі алты жылдан бері реттелмей келе жатқан Өскеменде тұрғындар “адам өміріне қауіп төндіре бастады” деп дабыл қағып, жолды жапты. Бұл жағдайдың шиеленісуіне елде “бірыңғай уақыт белдеуі мақұлданып, кеш ерте бататыны да әсер еткен”.
1989 жылы қыркүйектің 22-і күні Қазақстанда «Тілдер туралы» заң қабылданған болатын. Заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілді. Бірақ қазір қолданыстағы, 1997 жылы қабылданған тіл туралы заңда бұл бап алынып тасталған.
Ресейдің Тверь облысында қару-жарақ сақталған қойма жарылды. Украинаның Сум облысында энергетикалық нысандар шабуылға ұшырады. Солтүстік Кореяға барып қайтқан Ресейдің қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Сергей Шойгу енді Иранға аттанды. АҚШ президенті Джо Байден Украинаның “жеңіс жоспарымен” танысты
17 қыркүйекте Астанада Орталық Азия – Германия басшыларының саммиті өтпек. Саммитте не талқыланады, Германияның аймаққа қатысты ұстанымы қандай және Орталық Азия бұдан не ұтады?
Қаратал – Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Шығанақ Берсиев селолық округіне қарайтын, халқы малмен жан сақтап отырған ауыл. Екі мыңға жуық адамы бар елдімекен биылғы су тасқынынан қатты зардап шекті. Ауылдағы 236 үй түгелге дерлік тұруға жарамсыз болып қалды. Үйсіз қалған жұрт әлі күнге баспанасыз отыр.
Банкир Тәтішевтің 20 жыл бұрынғы қазасының жұмбағы әлі толық ашылмаған сыңайлы. Оны оппозиционер Әблязовтың тапсырысымен өлтірдім деген Мұратхан Тоқмәди мерзімінен бұрын босап шықпақ.Ал Тәтішевтің туыстары "бізден ешкім рұқсат сұрамады" дейді.
Ресейдің Курск облысына Украинаның шабуылдап жатқанына екі апта болды. 19 тамызда президент Владимир Зеленский Курскідегі 92 елді мекен Украина әскерінің бақылауына көшкенін айтты. Бұл шамамен 1250 шаршы шақырым аумақ. Жау жағадан алғанда Ресей президенті Әзербайжанда жүр.
Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыда оққа ұшып, қаза тапқан 4 жасар Айкөркем мінген Volkswagen Passat екі жыл сегіз айдан кейін айыппұл тұрағынан шығарылды. Жан-жағын оқ тесіп, терезелері шағылған көлікті Айдос Мелдехан «ескерткіш боп қалады» дейді.
Қазақстанда атом электр станциясын салуға байланысты халыққа АЭС салудың маңызын түсіндіретін жария талқы жүріп жатыр. 16 тамызда арнайы комиссия Алматыда тұрғындарымен кездесті. Кездесуде комиссия мүшелері "бұл саяси жиын немесе митинг емес, жай талқы екенін" ескертті.
Орал қаласындағы «Ёлочка» саяжайында көктемгі су тасқынынан кейін баспанасыз қалған бес отбасы әкімдіктен үй ала алмай жүр. Олар мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырып, қанша шенеунікпен сөйлессе де, мәселенің шешілетін түрі жоқ. Әкімдік оларға «сотқа барыңдар» деген кеңес берген.
Қазақстан Парижде өткен олимпиада ойындарында бір алтын, үш күміс, үш қола медаль алып, жалпы есепте 43-орын алды. Жанкүйерлер арасында бұл нәтижеге қатысты түрлі пікір бар. Ал сарапшылар спортқа бөлінетін қаржы мен нәтижені салыстыру керек дейді.
Украина әскері Ресейдің Курск облысына басып кіргелі үшінші күн. Аймақта атыс болып жатыр. Ресей билігі қаза болғандар мен жараланғандар барын айтты. АҚШ пен Еурокомиссия “Украинаның қорғануға және шабуылдауға құқығы бар” деді, Біріккен ұлттар ұйымы “жағдай ушығуы мүмкін” деп ескертті.
Атырау облысы Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен үйлерді бағалау аяқталып, құрылыс басталып кетті. Әкімдік өкілінің сөзінше, тұрғындардың 98 пайызы өтемақы сомасына келіскен. Бірақ үйі «жөндеп тұруға жарамды» деп танылған бірнеше азамат әкімдік қорытындысына наразы.
Шығыс Қазақстанда адам саны азайған ауылдардың тұрғындары мен тумалары ауылын сақтап қалу үшін оңтүстіктен отбасыларды көшіп келуге шақырып жүр. Бірақ келушілер аз. Жергілікті халықтың өзі ауылда жағдай жасалмағанын айтып налиды.
28 маусымда Алматыда журналист, саясаттанушы Рахат Мамырбек атындағы байқаудың нәтижесі шықты. Жеңімпаздың бірі "тәуелсіз баспасөзге қысым күшейген тұста осындай байқаулардың болғаны өте маңызды" деді.
Тағы