Қазақстанда мемлекет қаржыландыратын балалар спорты мен шығармашылығын қолдайтын үйірмелер қаржыландырусыз қалуы мүмкін. Нұр-Сұлтанда бір жылға бөлінген ақша таусылған. Бүгін бір топ ата-ана мен түрлі секция ашқан кәсіпкерлер астана әкімдігінен жобаны қайта қаржыландыруды талап етті.