Accessibility links

Интернеті жылдам үкіметтің отырысын көпшілік тамашалай алмады


primeminister.kz сайтының үкімет отырысынан тікелей веб-трансляция жасаған сәті. 5 қараша 2013 жыл. (primeminister.kz сайтының скриншоты).
primeminister.kz сайтының үкімет отырысынан тікелей веб-трансляция жасаған сәті. 5 қараша 2013 жыл. (primeminister.kz сайтының скриншоты).

Интернет қолданушылардың кейбірі үкіметтің онлайн трансляциясын дұрыстап көре алмады. Сарапшылардың ойынша, бұған себепкер – қарапайым жұрт қолданатын интернет жылдамдығының баяулығы.

Қарашаның 5-і күні Қазақстан премьер-министрінің primeminister.kz сайты мен мемлекеттік bnews.kz сайты үкімет отырысынан онлайн трансляция жүргізді. Бұл трансляцияны Азаттық тілшісі де көруге тырысқан еді. Алайда премьер-министр Серік Ахметов вице-министрлерді сынай бастаған кезде-ақ трансляция үзіліп, жалғасы көрінбей қалды.

«САЙТ АШЫЛСА ДА, ТРАНСЛЯЦИЯНЫ КӨРЕ АЛМАЙМЫЗ»

Үкімет отырысын тамашалауға қызықса да, онлайн трансляцияны көре алмаған азаматтардың бірі – Нұржан Сәдірбекұлы есімді интернет қолданушы.

– Сайттағы онлайн трансляция ұзақ жүктеліп тұрып алды, сол күйі ашылмады. «Сайттағы техникалық ақаулардан болар» деп ойладым. Сол сәтте басқа сайттан онлайн фильм көріп жатқан едім. Бір қызығы, ол жұмыс істеп тұрды, – дейді Нұржан Сәдірбекұлы.

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы әкімшілігінің қызметкері Жадыра Майлыбаева да «басшылық тарапынан онлайнды көру талап етілсе де, оны көруге техникалық мүмкіндік болмағанын» айтты.

– Өзіміз «Қазақтелекомның» қызметін қолданамыз. Шын мәнінде қуаты жетпей пе, әлде өзіміз пайдалана алмаймыз ба, әйтеуір трансляцияны ылғи көре алмай қаламыз. Сайттар ашылғанмен ондай трансляцияларды көру өте қиын, – дейді Жадыра Майлыбаева.

«СЕКУНДЫНА КЕМІНЕ 4 МЕГАБИТ КЕРЕК»

Үкімет отырысынан онлайн трансляция жүргізген мемлекеттік сайтқа – Bnews.kz порталына хабарласқанымызда, портал қызметкері онлайн трансляцияға
Интернет клубта Азаттық сайтын оқып отырған адам. Алматы, 2 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Интернет клубта Азаттық сайтын оқып отырған адам. Алматы, 2 мамыр 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
«Қазконтент» ұйымы жауапты екенін айтты.

Қазақстандық интернет контентін дамытуға міндетті «Қазконтент» ұйымының қызметкері Марат Есниязовтың айтуынша, онлайн трансляцияның кейде дұрыс көрінбей қалуы әр қолданушының интернетінің жылдамдығына байланысты. Оның сөзінше, Bnews.kz порталындағы тікелей трансляцияны көру үшін интернеттің жылдамдығы секундына кемінде 4 мегабит болуы қажет.

– Жалпы трансляция ойдағыдай жүрді. Буферизация болғанымен, экрандағы бейне үзілген жоқ, – дейді «Қазконтент» ұйымының қызметкері Марат Есниязов.

ҮКІМЕТТІҢ ИНТЕРНЕТІ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ ИНТЕРНЕТІ

«Қазконтент» маманы айтқан мөлшер (секундына 4 мегабит) Қазақстандағы интернеттің орташа жылдамдығына да жетпейді.

Интернет жылдамдығын өлшеуге арналған Speedtest сервисін шығарушы Оokla компаниясының арнайы рейтингісінде Қазақстан 62-орын алған. Елдегі орташа интернет жылдамдығы – секундына 3,78 мегабит қана. Интернет жылдамдығы
Cмартфон арқылы интернет қарап отырған адам. Астана, 23 желтоқсан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
Cмартфон арқылы интернет қарап отырған адам. Астана, 23 желтоқсан 2012 жыл. (Көрнекі сурет)
ең жоғары Оңтүстік Кореяда бұл көрсеткіш – секундына 34,14 мегабит, ал Қазақстанмен көршілес Қырғызстанда – секундына 4,8 мегабит.

Интернет мамандары үкіметтік органдар жоғары жылдамдықтағы интернет тұтынатынын, сондықтан үкімет отырысынан таратылған онлайн трансляцияның жылдамдығы қарапайым халық тұтынатын интернеттің шамасымен сәйкес келмейтінін айтады.

Програмист Рымбек Ізғалидың ойынша, мұндай жағдайда басқаша амал қолданған дұрыс.

– Меніңше, секундына 4 мегабит жылдамдық – көбірек. Мысалы, КТК сайтындағы онлайн трансляцияны әртүрлі жылдамдықпен көруге болады. Тіпті телефонмен де көруге болады, – дейді ол.

Рымбек Ізғали қазір интернетке ұялы телефон арқылы енетін қолданушылар да көбейіп бара жатқанын, сондықтан кез-келген сайттың бірнеше нұсқасын (компьютерге, ұялы телефонға арналған) жасау дұрыс екенін айтады.
  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG