"Сбербанк" Еуропа нарығынан шығады
"Еншілес банк топтары ақшаның жаппай шығарылуына тап болып, қызметкерлер мен бөлімдердің қауіпсіздігіне қатер төнді" делінген банктің баспасөз хабарламасында
New York Times: 1 наурызда Украинадан Польшаға 98 мың адам өткен
Америкалық басылым Польшаның шекара қызметіне сілтей отырып, 24 ақпаннан бері Украинадан Польшаға 453 мың адам өткенін, оның 98 мыңы сейсенбі, 1 наурыз күні кіргенін айтты. БҰҰ босқындар жөніндегі агенттігі соғыс басталғалы Украинадан 677 мың адам бас сауғалағанын хабарлаған.
BMW Ресейдегі қызметін тоқтатты
Неміс автоконцерні BMW Украинаға басып кіргені үшін Ресейде автоқұрастыру жұмыстары мен Ресейге көлік экспортын тоқтатты.
"Біз Украинаға қарсы агрессияны айыптаймыз" деді 1 наурыз күні концерн өкілі. Компания Ресейдің Калиниград қаласында көлік құрастыратын.
"Мы осуждаем агрессию против Украины", заявил во вторник представитель концерна.
Также во вторник американская автомобильная компания Ford Motor заявила, что в связи с вторжением России в Украину уведомила партнера по совместному предприятию Sollers о немедленной приостановке операций в России.
Харьковтегі бомбалау
Түскен ақпаратқа қарағанда, Украинаның ең ірі екінші қаласы Харьковте облыстық полиция басқармасы Ресей әскерінің соққысына ұшыраған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан басқармаға көрші тұрған Харьков университеті Экономика факультетінің ғимараты өртеніп жатқанын көруге болады.
ПІКІРЛЕР