Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
16:58 2.3.2022

Украина-Ресей келіссөзінің екінші раунды жайлы қазірге бар ақпарат мынау болып тұр:

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге "2 наурыз кешке таман Ресей делегациясы Украина өкілдерін келіссөзде күтеді" деді. Песков келіссөз қайда өтетінін айтпады.

Украина ішкі істер министрі Дмитрий Кулеба Ресеймен келіссөздің екінші раунды қашан өтетін білмеймін деп мәлімдеді.

17:15 2.3.2022

Ресей Киев телемұнарасын "Калибр" ракетасымен атқаны хабарланды

"Настоящее время" телеарнасының тілшісі Роман Сухан "украиналық әскерилер Киевтегі телемұнараға "Калибр" қанатты ракетадан шабуыл жасалғанын анықтады, мұндай екі ракета атылған" деді.

1 наурызда Ресей Киевтегі телемұнараға әуеден шабуылдап, кемі бес адам қаза тапқан еді.

17:25 2.3.2022

Еуропа одағы Ресейге еуро валютасын жеткізуге тыйым салды. Бұған қоса, Еуропа одағы ВТБ, "Россия", "Открытие", Новикомбанк, Промсвязьбанк, Совкомбанк және ВЭБ банктерін SWIFT жүйесінен өшірді.

17:50 2.3.2022

Харьковқа тағы шабуыл жасалды

Харьковқа бүгін тағы ракетадан шабуыл жасалғаны хабарланды. Шабуылдан қалалық кеңестің және соның жанындағы ғимараттардың терезесі сынған.

Украина президенті кеңсесінің өкілі Алексей Арестович брифингте Харьковқа реактивті жүйеден шабуыл жасалғанын айтты.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG