Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
18:44 3.3.2022

Ресей президенті Владимир Путин мен Франция басшысы Эммануэль Макрон бүгін тағы да телефонмен сөйлескен. Кремльдың жазуынша, Путин Макронға Ресейдің мақсаты Украинаны қарусыздандыру мен бейтарап статусына қол жеткізу екенін тағы айтқан.

Кремль "Путин Киев келіссөзді соза берсе Мәскеу талаптарын көбейтетінін жеткізді" дейді.

19:14 3.3.2022

Ресей Украинадағы Чернигов қаласындағы тұрғын үй кешеніне әуеден шабуыл жасағаны хабарланды.

Облыстық әскери әкімшілік басшысы Вячеслав Чаустың айтуынша, Чернигов қаласына шабуылдан тоғыз адам қаза тауып, төрт адам жараланған.

Қаладағы екі мектеп пен жеке үйлер бүлінген.

Соғыс уақытында мұндай ақпараттарды басқа дереккөздерден тексеру мүмкін емес.

19:24 3.3.2022

Ресейлік "Дождь" телеарнасының бас директоры Наталья Синдеева эфирде телеарнаның жұмысы уақытша тоқтайтынын мәлімдеді. Бұған дейін Ресей билігі бұл телеарнаның сайтын бұғаттаған еді.

19:26 3.3.2022

Ресей солдаттары Украинадағы дүкендерді тонап жатыр

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG