Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
19:54 3.3.2022

Бірнеше ақпарат агенттігі Беларусь сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап, Брест облысында Украина-Ресей арасындағы келіссөздің екінші раунды басталғанын хабарлады.

20:09 3.3.2022

Келіссөзде тараптар қандай талап қоймақ?

Украина мен Ресей тарапы Беларусьте келіссөздің екінші раундын бастады. Бұл ақпаратты ресейлік агенттіктер де, Украина тарабы да хабарлады.

Украина президенті кеңсесінің өкілі Михаил Подоляк келіссөзде Киев мынандай талаптар қоятынын жазды:

  • Атысты толық тоқтату;
  • Татуласу;
  • Шабуылға ұшыраған жерлерден адамдарды шығару үшін уманитарлық коридор ашу.

Ал Ресей сыртқы істер министрлігі Ресейдің Украинаға талабы "минимальды" деген еді. Ведомоство талаптарды нақты жарияламаған.

Кремльдің хабарлауынша, бүгін Ресей президенті Путин Франция президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлескенде Мәскеу мақсатына жететініне "сенім білдірген".

Бұған дейін Путин Украина "қарусызданып", бейтарап статусқа ие болуы керек деген талап қойған еді.

21:02 3.3.2022

Бүгін Ресей президенті Владимир Путин мен Франция президенті телефонмен сөйлескен. Макронның ресми өкілі бұл кездесу жайлы былай дейді:

"Франция президенті қиындықтың бәрі алда деп күтеді. Себебі Путиннің айтқандарынан жылымық көрмеген. Ол алған бетінен таймай отыр. Путин әлем оның шартын қабылдайды деп күтеді. Егер оның шартын қабылдамаса ол Украинаны толық басып алғанша шабуылды жалғастыра бермек".

Ал Кремльдің хабарлауынша, Путин Макронмен телефон арқылы сөйлескенде Мәскеу мақсатына жететініне "сенім білдірген". Бұған дейін Путин Украина "қарусызданып", бейтарап статусқа ие болуы керек деген талап қойған еді.

22:03 3.3.2022

Молдова президенті Майя Санду да елін Еуропа одағына қабылдауға өтініш жазды. Бұған дейін Украина мен Грузияда осындай қадам жасаған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG