Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
08:57 4.3.2022

Ресей аумағында "Медуза", британиялық BBC, Facebook және Twitter, Азаттықтың Орыс қызметі, "Неміс толқыны" (Deutsche Welle) сайттары ашылмай қалды.

09:06 4.3.2022

Запорожье облысы әскери әкімшілігінің басшысы Александр Старух Запорожье АЭС-нің директорына сілтей отырып станция блоктарының жарылу қаупі жоқ деді.

"ЗАЭС директоры объектінің ядролық қауіпсіздігі қамтамасыз етілді" деді Старух.

Осыған дейін ол: "ЗАЭС жетекшісінің мәліметінше, оқу корпусының ғимараты, зертханалық-тұрмыстық корпус өртеніп жатыр. Қуанышқа орай, әкімшілік корпус бүлінсе де, өртке оранбаған" деген.

09:12 4.3.2022

Ұлыбритания үкіметі басшысының баспасөз қызметі премьер Борис Джонсонның Зеленскиймен сөйлескенін мәлімдеді: Ұлыбритания ЗАЭС-тің атқылануына байланысты шұғыл түрде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жиналысын шақырып отыр.

"Президент Путиннің есерсоқ әрекеті енді Еуропа қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіріп отыр" делінген баспасөз хабарламасында.

09:17 4.3.2022

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президенті Джо Байденмен телефон арқылы сөйлесіп, Запорожье атом электр станциясындағы ахуалды талқылады. Президент Байден бұл мәселе жөнінде АҚШ-тың ядролық қауіпсіздік жөніндегі министрінің орынбасарымен сөйлесті.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG