Министрлік байқауынан жүлде алған сайттар жарыс қорытындысына наразы. Олар ұйымдастырушылардың тендер шартын орындағанына да күмән айтып, байқауды қайта өткізуді сұрады.
Білім және ғылым министрлігі қолдаған «Интернет-дода» қазақ тілді сайттар байқауының жеңімпазы атанып, қарашаның 13-і күні алғашқы үш орынға ие болған Massaget.kz, Aynaline.kz және Surak-zhauap.kz жүлделерінен бас тартатындарын мәлімдеді. Бұл оқиға Қазақстандағы тендер жүйесі жайлы пікірге ұласты.
6 МИЛЛИОН 250 МЫҢ ТЕҢГЕНІҢ ЕСЕБІ
Байқау жеңімпаздарының бірі Massaget.kz сайтының редакторы Ардақ Құлтай «жеңген сайттардың барлығы да байқауға өтініш бермегенін, жүлде жайында кездейсоқ естігенін» айтты.
– Бізге телефонмен хабарласып, «ертең Астанаға келіңіздер, сіздерді жеңімпаз
таныдық» деп хабарлады, – дейді Ардақ Құлтай Азаттық тілшісіне.
Massaget.kz сайты білім және ғылым министрлігі дерегіне сүйеніп, «байқауды ұйымдастыруға мемлекеттен 6 миллион 250 мың теңге бөлінгенін» жазған. Жеңімпаздар мен қатысушыларға сыйлықтар ретінде – iPad, iPad mini, Samsung планшеттері, әрбінің құны 3500 теңге болатын 17 дана Nokia 105 ұялы телефоны берілгенін ескерткен сайт «байқауды ұйымдастыру шарасына жұмсалатын қаражат сомасы 1 миллион теңгеден аспайды» деген есептерін айтады.
Байқауда алған жүлдесінен бас тартқандардың енді бірі Surak-zhauap.kz сайтының авторы Ербол Серікбай «жарыс өткізу үшін тендерді ұтып алған ұйым оның шарттарын орындамағанын» айтады.
– Бірқатар блогшылар электронды үкімет сайтынан тендер шарттары туралы құжатты ашып көрген еді. Сонда ұйымдастырушылардың көптеген шарттарды
орындамағаны анықталды. Қысқа мерзімнің ішінде өте асығыс ұйымдастырып, бір айдың ішінде бітіре салғысы келгені сезіледі, – дейді Ербол Серікбай.
Бұл байқау жайлы наразы пікірлер жеңімпаздар анықтала бере айтылған еді. Жарыста ынталандыру сыйлығына ие болғандардың бірі Kerekinfo.kz сайты «сайысқа қатысуға өтініш білдірмесе де, орын алғанына» таңданған. «Байқауды ұйымдастырған «Современный город» үкіметтік емес ұйымы жайлы дерек таппадық» деген сайт білім және ғылым министрлігінің бұл шараға қанша ақша бөлгенін айтып, соның есебін іздеген.
«МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ МӘРТЕБЕСІ»
Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланған құжатта «байқау мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылғаны» жазылған.
Massaget.kz сайты номинация иегерлерінің дипломдарына мөр мен қол да қойылмағанын, бұл қазақ тілінің «статусы мен беделін қорлау» деп білетінін
айтады. Бұл сайт білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке ашық хат жазып, байқауды қайта өткізуді сұрады.
Азаттық тілшісі әуелі конкурс құжатында «тапсырыс беруші» ретінде көрсетілген білім және ғылым министрлігі жастар істері бойынша комитетіне хабарласты. Комитеттің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыру басқармасының бастығы міндетін уақытша атқарушы Бауыржан Ибраев сұрақтарға ауызша жауап беруден бас тартты.
Байқауды ұйымдастырушы «Современный город» үкіметтік емес ұйымы да жауап бермеді.
Қазақтілді сайттардың «Интернет-дода» байқауына наразылығына бұрынғы білім және ғылым вице-министрі Мұрат Әбенов те пікір қосты. Қазақ тілін IT саласында дамытуға бюджеттен арнайы қаржы бөлінгенін айтқан Әбенов «ойы озық, талабы мықты, беделі бар емес, құжаты мықтылар алға шыққан» тендерлік жүйеге наразылық білдірген.
Оның жазуынша, өткен жылы да «жастар саясатына жұмсалған қаржыны игеру нәтижесін тескеру барысында, тапсырылған шараны сапалы атқармай, тек «есебін» ғана «жақсы» берген бірнеше ұйым анықталған – қазір прокуратура оларға қатысты тергеу жүргізіп жатыр».