Қырғызстанда қауіпсіздік қызметі қылмыстық авторитетті атып өлтірді, Өзбекстанда “өкіл әке” тұтқындалды. Сарапшылар қос мемлекеттегі ұйымдасқан қылмысқа қарсы науқанның нәтижесі біраз жылдан кейін белгілі болады дейді.
Ресей президенті Владимир Путин бесінші рет президент сайлауына түскелі жатыр. Конституция бойынша ол 2036 жылға дейін билікте қала алады.
Астанада кеше полиция ұстап әкеткен екі белсенді бүгін 15 тәулікке қамалды. Ал мамырдан бері абақтыда отырған Асқар Сембайды прокурор 7 жылға соттауды сұрады.
Бір жарым жылдан бері кенже ұлын таба алмай жүргенін айтқан Түркістан облысының тұрғыны президенттен көмек сұрады. Оны арнайы жасақ Ақордаға өткізбеді.
Қазақстанда Салтанат Нүкенованың өлімі қоғамды дүр сілкіндірді. Тергеушілер бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа айып тақты. Әйелдер зорлықтан тәні мен жаны орлықтан жапа шегіп, жұмыста немесе оқу орнында харассментке ұшырағаны туралы бұрын айтуға ұялып келген оқиғаларды ашық айта бастады.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа кітабы сатылымға шықты. "Менің өмірім. Бодандықтан - бостандыққа" деп аталатын мемуарда Назарбаев Қаңтар қырғыны, оппозиция, тоқалы туралы жазған.
Алматыда хостел өртеніп, 13 адам қаза тапты. || Журналистер көп сынаған "Масс медиа туралы" заң жобасы мәжілістің бірінші оқылымынан өтті. || АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы, Нобель сыйлығының иегері Генри Киссинджер қайтыс болды.
28 қарашада Астанада жабық өтіп жатқан сот процесінде азаматтық белсенді Марат Жыланбаев соңғы сөзін айтты. Бұл туралы оның адвокаты Мейіржан Досқараев хабарлады. Оппозициялық белсендінің жақтастарын да, журналистерді де сотқа кіргізбеді.
Қазақстанда жыл басынан бері 17 мыңнан астам адам қызылша жұқтырған. Денсаулық сақтау министрлігі вирус «вакцина салдырмағандықтан тарап жатыр» дейді. Ресми дерек бойынша, ауырып жатқандардың сексен пайызы — балалар. Отыз бала жан сақтау бөлімінде жатыр.
Зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға жәрдемдесетін "НеМолчи.kz" қорының жетекшісі Дина Смайылова қылмыстық қудалауға тап болды. Ұйымның шоттары бұғатталған. Смайылованың адвокатына іс материалдарын көрсетпей отыр. Қорға қайырымдылық қаражатын аударған адамдарды полицияға шақыртып жатыр.
4 жасар Айкөркемнің өліміне күдікті әскери Азаттыққа сұхбат берді. Ол оқ атылған көлікті көрмедім дейді.
Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше елдердің басшылары Беларусь астанасында бас қосты. Минск саммитінде қандай мәселе қаралды?
Қазақстанды мекендейтін киіктің күйекке түсетін мезгілі жақындады. Үкімет ақбөкен санын "реттеу" үшін оларды жаппай атуды жалғастырмақшы. Ғалымдар мен қоғам белсенділері бұған қарсы болып отыр.
Оппозициядағы саясаткер Нұржан Әлтаев 10 жылға сотталды. || Алматы әуежайын басып алмақ болды деп сотталған белсенді Әйгерім Тілеужан аштық акциясын бастағалы 8 күн. || Украинадағы Еуромайдан төңкерісіне 10 жыл. || Словения құрамасына есе жіберген Қазақстан футболшылары елге оралды.
Қытай инвесторлары Батыс Қазақстаннан 100 мың гектар жерді жалға беруді сұраған. || Павлодарда 7 жасар бүлдіршіннің мәйіті үш күннен соң табылды. || Бұрынғы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаевтың сотында мемлекеттік айыптау оқылды. Прокурор оны 12 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.
Азаматтық белсенді Марат Жыланбаевты прокурор 10 жылға соттауды сұрады. Оның жақтастары сот ғимараты алдында наразылық білдірді.
2023 жылы Қазақстанда астық аз жиналды. Шаруалар бидайдың сапасы нашар, астықтың көбі жемге кетеді деп шағынып отыр. Ұн өндірушілер бидайды қазақстандық шаруалардан емес, Ресейден сатып алғанды жөн көреді. Мұның сыры неде?
Еуропа одағы кезекті санкцияға қазақстандық екі компанияны қоспақ. Олар Ресейге шетелде өндірілген дрон, микрочиптер жеткізіп, табыс тапқан.
Алматының әскери соты 4 жасар бүлдіршін Айкөркем Мелдеханның Қаңтардағы өліміне байланысты айыпталған жауынгер Арман Жұманды ақтады.
Тағы