Қазір Лондонда тұратын қазақ Ербақыт Отарбайұлы қазан айының аяғында Босния және Герцеговина астанасы Сараевода өткен Дүниежүзілік ұйғырлар конгресінде сөз сөйледі. Ол 2017-19 жылдары Қытайдың батысындағы Шыңжаң аймағындағы лагерьде шеккен азабы жайлы айтқан.
24-27 қазан аралығында Сараевода өткен Әлемдік ұйғыр конгресі жиынында Қытайдың Шыңжаң өлкесінде тұратын ұйғырлардың тағдыры сөз болды. Азаттық жиын қарсаңында Әлемдік ұйғыр конгресі ұйымның директоры Зумретай Аркиннен сұхбат алды.
"Шыңжаң" газетінде журналист әрі аудармашы болып істеген, қазір Қытайда қамақта отыр делінген Жәнібек Жәудетұлының бауыры Азаттыққа хабарласып, ашық сұқбат беруге келісті. Астана тұрғыны Қуан Дыбанұлының сөзінше, бауырынан бір жарым жылдан бері еш хабар жоқ, ал жақындары ол туралы айтудан қорқады.
Кейінгі бес жылдан бері Қытайда қамалған інісін босатуды талап етіп, Алматыдағы Қытай консулдығы алдында наразылық білдіріп жүрген Байболат Күнболатұлы отбасымен Қазақстаннан Америкаға көшіп кетті. Ол «Қазақстандағы күресімнен нәтиже шықпады, інімнің үкіміне наразылықты енді
Алматыдағы Қытай консулдығы алдында Шыңжаң түрмелерінде отырған туыстарын босатуды сұраған бір топ адам наразылық акциясын өткізді. Консулдықтан ешкім шыққан жоқ, ал полиция адамдарды ғимаратқа жақындатпады.
Бір топ адам Шыңжаңда көп жылға қамалған туыстарын босатуды талап етіп, Қытайдың Алматыдағы консулдығы маңына шығып жүргелі үш жыл болды. Бүгінге дейін Қытай консулдығынан бірде-бір адам шығып, олардың талабына қатысты жауап берген жоқ. Алайда туыстарына араша сұраушылар күресін тоқтатпады. Азаттық осы адамдармен сөйлесіп, үш жылда не өзгерді деген сауалға жауап іздеп көрді.
Бүгін Қытайдың Алматыдағы консулдығы алдында жергілікті тұрғындар тағы да наразылық білдіріп, Шыңжаңдағы туыстарына араша сұрады. Олар мұндай акциясын үш жылдан бері өткізіп келеді. Бүгін де оларға әкімдік өкілі «жауапқа тартыласыңдар» деп ескерту айтып кетті.
1 ақпаннан бастап Қытайда тек Шыңжаң өлкесіндегі діни-наным сенімдерді бақылайтын "Діни іс-әрекеттер ережесі" деп аталатын құжат күшіне енеді. Шыңжаңға арналған ережеде мешіт салу, қажылыққа бару, діни білім берудің бәрі орталық биліктің рұқсатымен жүрмек. Ұялы телефонға, компьютерге діни файлдар сақтауға да тыйым салынады. Сарапшылар Қытай осы ереже арқылы Шыңжаңдағы қылмысын заңдастырмақ деп санайды.
Қытай басшысы Си Цзиньпин Шыңжаңға барып, "исламды қытайландыру" жайлы айтқаннан кейін HRW құқық қорғау ұйымы Қытай билігі Шыңжаңдағы ұйғыр, қазақ және өзге мұсылмандардың құқығын бұзуды әлі жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Азаттық Дүниежүзі ұйғырлар конгресінің президенті Долкун Исамен әңгімелесті.
Тағы