Бір жыл бұрын ХАМАС Израиль аумағына кіріп, шабуыл жасаған соң, Тель-Авив бұған жауап ретінде осы ұйым бақылауындағы Газа секторын алыстан атқылап, кейін оған әскер кіргізген. Газа секторының тұрғындары Азаттықтың "Фарда" радиосына осы бір жыл ішінде өмірі қалай жанталасып жатқанын айтып берді.
Тегеранда “ХАМАС” террор ұйымының лидері Исмаил Ханияны өлтірді. Иран қастандықты Израиль ұйымдастырды деп, кек қайтаратынын айтты. Израиль шабуылды өз мойнына алған жоқ. Сарапшылар Иран мен оның одақтастары бұл қастандықты жауапсыз қалдырмайды дейді.
Кремльшіл комментаторлар ХАМАС-тың Израильге шабуылы Мәскеуге тиімді деп, Израильге көшкен ресейліктерді әжуалап жатыр.
Дүйсенбі, 17 қазан күні Иран билігі Тегерандағы атышулы Эвин түрмесіндегі өрттен қаза тапқандар саны сегізге жетті деп хабарлады. Түрме 16 қазанға қараған түні елді наразылық жайлаған тұста өртке оранған.
Қазақстан жақында Сириядан тағы 12 азаматын елге қайтарды. Бұл шара қоғамда екіұшты реакция туғызды. Соғыс аймағында экстремистер тобында болған адамдарды елге қайтарған дұрыс па? Келешекте қоғамға қауіп төндірмей ме? Қауіпсіздік және дін мәселесі жөніндегі сарапшы Икбалжан Мирсайитовтен сұрадық.
Иранда коронавируспен күреске өрт сөндірушілер жұмылдырылды
Иран қалаларында наразылық шеруіне шыққандар рухани көсем Әли Хаменеиге және элиталық әскери бөлімге қарсы ұрандады. Бұл жолғы ұрандардың тағы да қандай айырмасы бар?
Иранның аса ықпалды ұйымы – Ислам революциясы сақшылары корпусы (ИРСК) құрамындағы элиталық "Құдс" күштерінің жаңа басшысы Исмаил Каани Ауғанстанда белсенді іс-әрекетін 1980 жылдардың соңында бастаған.
Иранның бірнеше қаласында және астанасында күн өткен сайын билікке наразылық күшейіп келеді. Қаңтардың 13-іне Тегеранда арнаулы қызмет халықты тарату үшін алғаш рет оқ атқаны белгілі болды.Соның салдарынан бірнеше адам жараланған. Теократиялық режимнің тұрақтылығына қауіп төнді ме?
Тағы