“Саяси партиялардың қызметінің ашықтығы туралы айту үшін олардың құқығы тең, бірдей жағдайда болуы керек”, - деп есептейді саясаттанушы Досым Сәтпаев. Алайда, Қазақстандағы оппозиция өкілдері бүгінде өздерінің тең емес жағдайда жұмыс жасайтындықтарын айтады. Қазақстанның Коммунистік партиясының лидері Серікболсын Әбділдиннің айтуынша, “мысалы, Коммунистік партия - кедей партия, ал басқа партиялардың қолдаушылары бар. Мысалы, “Асар” партиясы апта сайын мыңдаған адамдарды жинап, жиналыс өткізіп жатады. Оған қаржыны қайдан алады? Жауап жоқ. “Отан”, “Асар”, Азаматтық партиялар ақшаны шашып, елді сайлау кезінде алдап-сулап сатып алуға тырысады. Ал оппозициялық партияларды сайлауға да жібермеуге тырысады. ”.
Ал президенттік “Отан” партиясы басшыларының бірі Қазбек Қазкенов
керісінше оппозицияның қаржыландыруында тазалықтың бола бермейтіндігін тілге тиек етеді. Оның айтуынша, мәселен, әлі тіркеуден өтпеген “Қазақстанның демократиялық таңдауы халық партиясының құрылтай съезі қымбат тұратын “Анкара” қонақ үйінде, ал “Отан” партиясының жиыны арзандау бұрынғы парламент ғимаратында өткізілді...”. Оның айтуынша, “оппозиция өкілі Қожахметов өз сұқбатында жиынды өткізуге қаржыны оппозициялық көңіл-күйдегі бизнес өкілдерінен алғанын айтады. Бұл – тазалықтың нышаны емес”. Қазкенов мырза: “Сайлауда табысты өткен тіптен оппозициялық партия болса да, бюджеттен қаржыландырылуы тиіс” деп есептейді. Мысалы, “мәслихатқа, парламентке, президенттік сайлауда 5 немесе 7 пайыздық тосқауылды жеңіп шықса, жылына ол партияға 15 миллион, яғни, яғни, 5 жылға 75 миллион берілуі тиіс. Ал партия сайлауда тиісті дауыс жинай алмаса, онда оған сол партияның өзі бас қатыруы тиіс”, - деп есептейді “Отан” партиясының өкілі.
Ал Қазақстанның республикалық халық партиясының атқару комитетінің төрағасы бірі Әміржан Қосанов Парламенттік сайлау алдында билік тарапынан оппозициялық партияларға қатысты қысым күшейіп отырғанын тілге тиек етеді.
Сондықтан, оның пікірінше, партия ісіне аралысып, оған қудалауға тырысқан мемлекеттік орын өкілдерін қылмыстық жауапқа тартатындай норма заңға енгізілуі тиіс. “Конституцияға, “Саяси партиялар туралы”, “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы”, “Қоғамдық ұйымдар туралы” заңдарға өзгерістер енгізіп, “Лоббилау туралы” жаңа заң қабылдау арқылы ғана қазіргі саяси партиялар қызметінеде ашықтыққа қол жеткізуге болады”,- деп есептейді Халықаралық “Транспаренси Казахстан” ұйымының атқарушы директоры Сергей Злотоников.
Cаяси сарапшылар Қазақстандағы саяси партиялардың қызметі мен оның қаржыландырылуының ашықтығы туралы пікір алмасты
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Егемендік эйфориясы. Назарбаевты қолдаған журналистер құрылтайы