Accessibility links

Үндістан гипердыбыстық ракетасын сынақтан сәтті өткізгенін хабарлады


Үндістан алысқа ұшатын алғашқы гипердыбыстық ракетасын сынақтан сәтті өткізгенін хабарлады. Бұл жөнінде жексенбі күні қорғаныс министрі Раджнат Сингх мәлімдеді. Сынақ сенбі күні Үнді түбегінің шығыс жағалауындағы аралда орналасқан Абдул Калам полигонында өткен.

Сыналған ракета түрлі қаруларды алып жүре алады және 1500 шақырымға дейін ұшады. Ол дыбыс жылдамдығынан бес есе жылдам ұшады деп айтылады.

Осылайша Үндістан ең озық қаруы бар әлемдегі санаулы елдердің қатарына қосылды. Қазіргі кезде гипердыбыстық қару АҚШ, Ресей, Қытайда бар. Гипердыбыстық ракеталары барын Иран, Солтүстік Корея және йемендік хуситтер мәлімдегенмен аталған ракета түрі ол елдердің әскерінің қару-жарақ қатарына енді ме, жоқ па, ол жағы белгісіз.

Ресей Украинаға басып кірмей тұрып, Үндістан Ресейге қару-жарақ және әскери техника тасымалдау жағынан алғашқы орындардың бірінде болған. 2022 жылдан кейін Үндістан батыс елдерімен, бірінші кезекте АҚШ, Жапония және Австралиямен әскери ынтымақтастықты күшейтті.

XS
SM
MD
LG