Accessibility links

Алматыда қоғам және билік өкілдері Тәуелсіздік монументіне гүл қойды


Алматыдағы Тәуелсіздік монументі алдында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарына құран бағыштап отырған адамдар. 16 желтоқсан 2017 жыл.
Алматыдағы Тәуелсіздік монументі алдында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы құрбандарына құран бағыштап отырған адамдар. 16 желтоқсан 2017 жыл.

Бүгін Алматының орталығындағы Тәуелсіздік монументіне 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғасына қатысқан белсенділер тобы, қала әкімі Бауыржан Байбек бастаған шенеуніктер және билікті қолдайтын қоғамдық ұйымдар өкілдері гүл қойды.

Гүл қою рәсімінің соңында әскери оркестр әнұран ойнады. Шара кезінде ешкім сөйлеген жоқ. Әкім мен шенеуніктер қайтып кеткеннен кейін Тәуелсіздік ескерткіші жанында қалған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар сол оқиғада құрбан болғандарға бағыштап құран оқыды. Бұдан соң жұрт тарай бастады.

"Алаңға келгенде қан тамған қар елестейді"
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:05 0:00

Қазақстан тәуелсіздігін жариялағанына бүгін 26 жыл толды. Бұл күн елде ұлттық мереке ретінде аталып өтіледі. Биыл Қазақстан халқына мейрамға байланысты төрт күн демалыс берілген.

Сонымен бірге желтоқсанның 16-сы күні Қазақстанда тағы екі оқиғаны еске алады. 1986 жылы Мәскеудің Қазақ ССР-і басшылығына республикаға белгісіз Геннадий Колбинді тағайындау туралы шешімі студент және жұмысшы қазақ жастарының наразылық шеруіне ұласқан. Алматының орталық алаңында екі күнге жалғасқан шеруді билік күшпен басып-жаншыды. Желтоқсан оқиғасынан кейін жүздеген адам жоғары оқу орындарынан шығарылды, жұмысынан қуылды. Желтоқсан оқиғасына қатысты нақты қанша адамның қуғынға ұшырағаны әлі күнге белгісіз.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы Азаттық фотогалереясы:

2011 жылы желтоқсанның 16-сында Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында еңбек мәселелеріне қатысты талаптар қойған мұнайшылардың наразылық шеруін билік оқ атып күшпен таратты. Ресми дерек бойынша, Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесінде Жаңаөзеннің іргесіндегі Шетпе ауылындағы халық наразылығы кезінде тағы бір адам оққа ұшты.

Жаңаөзен оқиғасына 6 жыл. Азаттықтың видеошолуы:

XS
SM
MD
LG