Accessibility links

Зеленский: Трамп тұсында Украинадағы соғыс тезірек аяқталады


Украина президенті Владимир Зеленский
Украина президенті Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский украиналық "Суспільнe" телеарнасына берген сұхбатында АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп жетекшілік ететін болашақ әкімшілік тұсында "соғыс тезірек аяқталады" деп мәлімдеді.

"Біз үшін әділет өте маңызды, бізге таңылған әділетсіздік үшін ең қымбаттарымыздан айырылғандай сезімде қалмас үшін. Соғыс аяқталады, бірақ нақты күні белгісіз. Әрине, енді Ақ үйді басқаратын бұл команданың саясаты тұсында соғыс тезірек аяқталады. Бұл олардың көзқарасы, қоғамға берген уәдесі және олар үшін де бұл өте маңызды" деді Зеленский "Суспільнe" арнасына.

"Трамп Киевтен Ресеймен келіссөзге қатысуды талап етті ме?" деген сұраққа Зеленский "Украинаның тәуелсіз мемлекет" екенін атап өтті.

"Соғыс кезінде халқымыз және мен де АҚШ және Трамп, Байден, Еуропа жетекшілерімен келіссөз кезінде "отыр да тыңда" деген риторика жарамсыз екенін дәлелдедік" деді Украина президенті.

Сұхбаттың толық нұсқасы сенбі, 16 қаршада жарияланбақ.

  • Сайлауалды кампаниясы кезінде Дональд Трамп президент болып сайланса, Украинадағы соғысты бір тәулік ішінде аяқтай алатынын айтқан.
  • Трамп төңірегіндегі адамдар Украинаны тіпті тиімсіз шарттармен Мәскеумен бейбіт келіссөзге итермелеуі мүмкін екенін меңзеген. Трамп президент болып сайланғаннан кейін ақпарат құралдары оның штабында жасалған жоспар "соғыста үзіліс жариялауды" қарастыратынын жазды. Бірақ Трамптың өзі соғысты қалай тоқтатуға қол жеткізбек болып отырғанын айтпаған. Сайлауалды кампаниясы кезінде ол Ресеймен қатынасты қалпына келтіретінін де, Джо Байден әкімшілігі Ресеймен тым жұмсақ саясат ұстанғанын да айтқан.
  • Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге Дональд Трамптың "қазіргі әкімшіліктен айырмашылығы, ол Ресейге стратегиялық соққы жасаймын деп айтпайды" деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG