Германия канцлері Олаф Шольц бүгін, 15 қарашада Путинмен телефонмен сөйлесіп, Украинамен "әділдік және мығым бейбітшілік үшін" келіссөзге шақырған. Бұған қоса, ол Германияға көмектесуді жалғастыра беретінін мәлімдеген. Бұл туралы Германия үкіметі хабарлады.
Германия канцлері Ресейдің Украинаға басқыншылығын сынап, Путинді әскерін шығаруға шақырған. Шольц Путинге қоңырау шалардың алдында Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлескен және Путинмен әңгімеден соң Зеленскиймен қайта тілдеспек.
Кремль әзірге Путин мен Шольцтың сөйлескені жайлы ештеңе айтпады.
Германия канцлері Путинмен соңғы рет 2022 жылы 2 желтоқсанда сөйлескен еді. Шольц 2022 жылы 15 ақпанда Мәскеуге келіп, Путинді соғыс бастамауға көндіруге де тырысқан.
ПІКІРЛЕР