Accessibility links

Қырғызстандағы парламент сайлауы: Халықтың дауыс беру белсенділігі салыстырмалы түрде төмен


Қырғызстанда парламент сайлауы өтіп жатыр. Бішкек уақытысымен сағат 14:00-дегі ақпарат бойынша, дауыс беруге құқығы бар адамдардың 16 пайыздан астамы яғни, 600 мыңнан астам адам дауыс берген. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясы хабарлады. Елде сайлауға қатысуға құқығы бар 3,7 млн адам бар.

Қалған облыс пен қалаларға қарағанда Ош пен Жалалабад облыстарында және Бішкекте халық белсендірек дауыс берген. Ел астанасында түстен кейін дауыс бергендер 67 мыңнан асқан.

Қырғызстанда тұңғыш рет сайлау аралас жүйе бойынша өтіп отыр. Яғни, Жогорку кеңештің 90 депутатының 54-і – саяси партиялар тізімі бойынша, қалған 36-ы бір мандаттық округ бойынша сайланады. Сайлау учаскелеріне сәйкесінше екі жәшік қойылған. Саяси партиялар тізімі бойынша дауыс беру белсенділігі – 16,27%, бір мандаттық округ бойынша дауыс беру – 16,39% болған.

Азаттықтың Қырғыз қызметі биыл өткен алдыңғы сайлаулармен салыстырғанда бұл жолы сайлаушылар белсенділігінің төмен екенін айтып отыр.

28 қарашада таңертең Қырғызстанда парламент сайлауы басталды. Елде ашылған 2435 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша кешкі 8-де жабылады. Шетелде 59 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр.

Сайлауға 21 партия қатысып жатыр (кандидаттардың жалпы саны 1131), бір мандаттық округтерде 321 кандидат тіркелген. Бір бөлігі сайлаудан қатысудан бас тартып, ақыры 289 кандидат қалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG