Accessibility links

Қытай ұйғыр босқынының қамауда екенін растады


Ұйғыр босқыны Аршидин Исраилдың суреті бар плакат.
Ұйғыр босқыны Аршидин Исраилдың суреті бар плакат.
Адам құқығын қорғаушылар Қазақстанды ұйғыр босқыны Аршидин Исраилды Қытайға экстрадициялағаны үшін айыптады. Олардың айтуынша, "лаңкестікке қатысы бар" деп айыпталған Аршидин Исраилды Қытайда қинап-азаптауы мүмкін.

Қытай сыртқы істер министрлігінің өкілі Хон Лей Аршидин Исраилдың қамауда екенін растап, "оның ісі заңға сәйкес қаралады" деп мәлімдеді.

39 жастағы Аршидин Исраил "Азат Азия" радиосына 2009 жылғы Шыңжаңдағы оқиғалар туралы ақпарат бергеннен кейін Қытайдан қашып кеткенін айтады. Қазақстанда оған босқын мәртебесін бермеу туралы сот шешімі сәуір айында күшіне енген еді. Аршидин Исраил биыл мамырдың 30-да экстрадицияланды.

2009 жылы шілденің 5-і күні Үрімжіде болған жаппай қақтығыстар салдарынан, ресми деректер бойынша, 200-дей адам қаза тауып, мыңға жуық адам жараланған. Қазір 1400-дей адам, негізінен ұйғырлар, тұтқында отыр. Олардың арасындағы әйелдер мен балалар да бар. Қытай өкіметі ол тұтқындарға «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырып, соған қатысты» деген айып тағып отыр. Шыңжаңдағы қанды қақтығысты қараған Қытай соты 22 адамды өлім жазасына кесті.
XS
SM
MD
LG